«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобында «Бала көзімен еңбекті қорғау» шығармашылық байқауының қорытындысы шығарылды. Бұл жыл сайынғы жақсы дәстүр жас кезінен бастап балаларға қауіпсіздік мәдениетін және энергетиктердің еңбегін құрметтеуге бағытталған.


Биылғы жылы қызметкерлердің 45 баласы өз жұмыстарын ұсынды:

  • Петропавл 2-ЖЭО-дан 20 бала;
  • «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ-дан 25 бала.

«Біз балаларға жарқын және шабыттандыратын жұмыстары үшін, ал ата – аналарға қауіпсіздік ережелеріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелегені үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Еңбекті қорғау мәдениетін қалыптастыру отбасында басталады және шығармашылық арқылы балалар ата-аналарының кәсібінің маңыздылығын біліп қана қоймай, басты ережені – өздерін және айналасындағыларды қорғауды үйренеді», – деп атап өтті «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры Анатолий Казановский.

Марапаттау рәсімі мерекенің жайлы атмосферада өтті. Петропавл 2-ЖЭО акт залында жас қонақтар үшін қызықты ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Конкурстық комиссия әр сайыскердің шығармашылық тәсілін жоғары бағалады. Бірде-бір қатысушы назардан тыс қалмады: балаларға құрмет дипломдары және сертификаттар табысталды. Мерекелік іс-шара достық шай ішумен аяқталды.