2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-да қауіпсіздік, еңбекті қорғау және экология саласындағы жұмыс нәтижелері талқыланып, алдағы міндеттер белгіленді.

Петропавл 2-ЖЭО-да санитарлық-тұрмыстық бөлмелер жаңартылды,  2-ЖЭО және «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ қызметкерлері қажетті жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді.

Өндірістік бақылау аясында аумақтар мен жұмыс орындарына 19 аралау жүргізілді. Экологиялық талаптардың сақталуына және табиғатты қорғау шараларына ерекше көңіл бөлінді.

Тәртіп пен қауіпсіз өндірістік ортаны қолдауға бағытталған апта сайынғы «Таза бейсенбі» акциясы да өз жалғасын табуда.

Осындай әрбір іс-шараның ортақ бір мақсаты  — қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы, жабдықтардың сенімді жұмысы, сондай-ақ тұтынушыларды энергиямен тұрақты түрде қамтамасыз ету.