«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-да үш күнге созылатын, менеджменттің интеграцияланған жүйесінің (БМЖ) кезекті қадағалау аудиті басталды. Тексеру жылу және электр энергиясын өндіруге қатысатын, компанияның 23 бөлімшесін қамтиды.

 

«TÜV Rheinland Kazakhstan» аудиторлары «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ менеджмент жүйелерінің үш халықаралық стандартқа сәйкестігін бағалайды: ISO 9001:2015-сапа менеджменті, ISO 14001:2015-экологиялық менеджмент және ISO 45001:2018 -денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті. Бұл стандарттар әлемдік тәжірибеде жалпыға бірдей танылған және сапаны, экологиялық жауапкершілікті және еңбек қауіпсіздігін басқарудың жоғары деңгейін растайды.

 

23 бөлімшенің ағымдағы үш күндік тексеру нәтижелері менеджмент жүйелерінің қойылатын талаптарға сәйкестігі сақталатынын, көрсетеді. Аудит аяқталғаннан кейін, сәтті расталған жағдайда, халықаралық деңгейде танылған сертификаттар беріледі.