«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-да қызметкерлерге жоспарлы өртке қарсы оқыту өткізілді.
 
 Алдын-ала жасалған сценарий бойынша шартты өрт кеңсе ғимаратының екінші қабатындағы кабинеттердің біріндле орын алды.
 Қызметкерлер бірден 101 қызметіне, сондай-ақ Петропавл қ. бойынша жедел-диспетчерлік қызметке қоңырау шалды, содан кейін өз күштерімен өртті сөндіруге кірісті.
 
 Диспетчер 101 нөміріне қоңырауды қайталап шалды, өрт шыққан жерге жедел- әрекет ету бригадасын шақырды және басшылыққа болған жағдай туралы хабарлады. Кеңсе ғимаратындағы барлық персонал эвакуацияланды. Жедел- әрекет ету бригадасы ғимартты токтан ажыратып, алғашқы өрт сөндіру құралдарының көмегімен өртті сөндіруге әрекеттенді.
 
  Өрт сөндіру экипажы шартты өрт болған жерге келіп, жедел- әрекет ету бригадасының рұқсатын алғаннан кейін өртті сөндіруге кірісті. Сценарий бойынша жүргізілген операция барысында екі зардап шегушіні тапты және эвакуациялады, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Өрт сөндірілгеннен кейін персонал жұмыс орындарына келді.
 
Оқу-жаттығу қызметкерлердің төтенше жағдайларға дайындығының жоғары деңгейін көрсетті.