«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы Николай Максимов өндірістік экологиялық мониторинг нәтижелері туралы айтты. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ шығарындылар мен тастандылар көздері автоматтандырылған мониторинг жүйелерімен жабдықталған.
2025 жылдың 10 ай қорытындысы бойынша топырақ, су, атмосфералық ауа және ластаушы заттар шығарындылары бойынша 4 мыңнан астам зертханалық зерттеулер жүргізілді. Белгіленген нормативтерден асып кету анықталған жоқ.
2025 жылы табиғат қорғау іс-шаралары:
- түтін газын тазарту және күл жинау жүйелерінің элементтерін қалпына келтіру және жөндеу;
- экологиялық мониторингтің автоматтандырылған станцияларының жұмысын қамтамасыз ету;
- судың, ластаушы заттар шығарындыларының сандық-сапалық сипаттамаларын мониторингтеу;
- қайта құру және құрылыстың қалдықтарын жинау үшін алаңдарды жайластыру;
- күл-қож қалдықтарының (микросалалар) түзілу көлемін азайту мақсатында, оларды өткізу;
- кәсіпорын аумағын көгалдандыру.
2026 жылға арналған «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ экологиялық жоспарлары:
- Шығатын түтін газдарын тазарту қондырғыларын ауыстыруды қоса алғанда, қазандақ агрегаттарын қайта құру;
- Сандық және сапалық экологиялық көрсеткіштердің мониторингі;
- Сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту: гидрокүлжою жүйелері, өндірістік мақсаттағы айналым жүйелері, қайта пайдаланылатын су, су ресурстарының ластануымен сарқылуын болдырмайтын жүйелер;
- 250 ағаш отырғызу;
- Белое көлінің балықтары: 20 000 мальк/сеголеттарды шығару;
- Күл-қож қалдықтарын (микросалалар) өндіру және өткізу.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ экологиялық акцияларда белсенді қатысады: «Дүниежүзілік тазалық күні», «Жер сағаты», «Таза Қазақстан», меншік және іргелес аумақтарды абаттандырумен айналысады.
Анықтама
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ І санаттағы нысан операторы болып табылады. Кәсіпорын Петропав қалсының солтүстік -шығыс өнеркәсіптік аймағының бір өнеркәсіптік алаңмен және Малая Белое ауылынан солтүстік -шығыс бағытта 3,7км қашықтықта орналасқан, №2 күл үйіндісімен қамтамасыз етілген.
.png)

