Бүгін шахмат ойыны бойынша тамаша турнир өтті. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобының ойынды жақсы көретін және стратегиялық ойлай алатын қызметкерлері жарысқа қатысты. Осы ретте жарыс жеке біріншілік пішінінде өтті, әр қатысушы логикасы мен есептеу қабілетімен қатар қызу зияткерлік күрестен өте алатын қабілеттерін көрсетті.
Ерлер арасындағы жеңімпаздар:
I орын – Олег Филимонов, «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ оқшаулау және асқын кернеуден қорғау және өлшеу қызметінің сынау және өлшеу бойынша электромонтер.
II орын – Денис Габдулхаков, «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ электр энергия өтімі басқармасының бастығы.
III орын – Андрей Галкин, Петропавл 2ЖЭО электрлік шеберханасының бастығы.
Әйелдер арасындағы жеңімпаздар:
I орын - Надежда Купина, «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ Қалалық электр желілері басқармасының жедел бөлігі және техникалық инспекциясы тобының электрсанауыштарды пайдалану бойынша электромонтер.
II орын- Надежда Аникина, «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ Тимирязев электр желі тарату ауданы электр энергияны тарату бойынша тобының бақылаушысы.
III орын – Лидия Фоминых, «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ бухгалтері.
Турнир достық көңілмен және жарыстық қызуымен өтті: қатысушылар әр жүру жолдарын талдады, тәжірибе бөлісті және бір-бірін қолдады. Соңғы рауындтарда әр фигура үшін күрес болды, жарыстың қызуы көрермендерді қызықтырып ұстап тұрды.
Шахмат – ойын ғана емес, ол әр жұмыс үшін маңызды стратегиялық ойлау қабілетін дамытатын тәсілдерінің бірі. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға алғыс айтамыз!