Рабочий Тел: Бүгін «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ-да жоспарлы өрт-тактикалық жаттығу өтті.

 Сценарий:
 Электроэнергияны тарату және бақылау басқармасының ғимаратында электр қалқанымен қатар орналасқан кабинетте өрт болды.
 Басқарма қызметкерлері және жедел – көшпелі бригада өртті жойды, бірақ олар оны толығымен сөндіре алмады.
Көмекке Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың бөлімшесі келіп, жедел өрт ошағын сөндірді.
 Жатттығу барысында төтенше жағдайдағы әрекетке персоналдың дайындығы тексерілді, шартты түрде бір зардап шегуші құтқарылды.

 Осындай жаттығулар- кәсіпорындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды бөлігі. Тұрақты жаттығулар төтенше жағдайларда тез және үйлесімді әрекет етуге көмектеседі.