Петропавл 2-ЖЭО алаңында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың қатысуымен өңірдің энергетикалық инфрақұрылымының негізгі объектілерінің алдағы жылыту маусымына дайындығы мәселесі бойынша көшпелі кеңес өтті.
Облыс орталығын жылумен жабдықтаудың негізгі көзі болып табылатын Петропавл 2-ЖЭО, күзгі-қысқы кезеңге ауқымды дайындықты аяқтайды.
"Қазіргі таңда біз №2 турбоагрегаттың және теміржолдардың күрделі жөндеуін, №1 және №4 қазандық арегаттардың және №6 турбоагрегаттың ағымдағы жөндеуін аяқтадық- деп, «СЕВКАЗЭНЕРГО» бас директоры Анатолий Казановский атап өтті. – Жаңа мұржаның 90% аяқталып, 30 қыркүйекте пайдалануға беріледі деп, жоспарлануда. №2 қазандық агрегатын қайта жаңартуды, №3 және №11 қазандық агрегатын күрделі жөндеуді, негізгі және қосалқы жабдықтарға регламенттік жөндеуді жалғастырамыз.
ЖЭО-да дайындық іс-шараларын қаржыландырудың жалпы көлемі 26,9 млрд теңгені құрады. Бұл қаражат ағымдағы жөндеуге де, ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға да бағытталады.
«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ қызметкерлері 3,7 млрд тенге көлемінде инвестициялық бағдарлама аясында желілік шаруашылықты дайындау бойынша бірқатар жоспарлы жұмыстар жүргізуде:
- "Смирново" 220 кВ қосалқы станциясын қайта жаңарту;
- "ТЭЦ-2-Сибирь" желісінде найзағайдан қорғау тросын ауыстыру;
- 35-110 кВ әуе желілерінің 62 км күрделі жөндеу.
«Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС персоналы жылу трассасын жаңғырту бағдарламасын жүзеге асырады.Қазіргі таңда:
- №6 магистралінің 370 метрі ауыстырылды;
- жалпы ұзындығы 2,82 км жылу желілері ауыстырылды;
- 2,18 км жылу оқшаулағыш қалпына келтірілді;
- бекіткіш арматураның 157 бірлігі жөнделді;
- 237 көппәтерлі үйде жүйелерді сығымдау жүргізілді.
Жылу желілерін жаңғыртуға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 908 млн теңгені құрады. Ең көп тозу бар учаскелерге ерекше назар аударылады.
Энергетиктердің айтуынша, барлық дайындық жұмыстары бекітілген жөндеу жұмыстарының кестелеріне сәйкес аяқталады.