«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қызметкерлері Петропавл 2-ЖЭО-ның 65 жылдығына орай қаланы көгалдандырды. Энергетиктер 250 түп жас қарағай мен пирамида тәріздес терек отырғызды: оның 150-і «Подгора» шағын ауданындағы Г.Потанин және В.Демиденко көшелеріндегі қалалық скверлерді сәндесе, тағы 100-і жылу электр орталығының өз аумағында бой көтерді.

Тандалған ағаш тұқымдары Солтүстік Қазақстан облысының шұғыл континенттік климатына өте қолайлы. Қарағайлар мен пирамида тәріздес теректер тез тамыр жайып, теріскейдің екпінді желінен қорықпайды және қатал қысқы аязға төзімді келеді.

Ағаш отырғызу — бұл бір реттік мерекелік шара емес, жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Көшеттерді тек отырғызып қою жеткіліксіз, оларға тұрақты күтім қажет, сондықтан компания қызметкерлері алдағы уақыттағы барлық күтім мен жүйелі суару жұмыстарын өз мойнына алады.

Келесіс қадам қалалық су айдындарын үлкен тазартудан өткізу болмақ. Жақын арада энергетиктер 2-ЖЭО-ның әкелетін және әкететін арналарының жағалауын тазартуды, стихиялық қоқыс үйінділерін жоюды және қыс бойы жиналып қалған, қауіп төндіріп тұрған пластик қалдықтарды жинауды жоспарлап отыр.

«Біз Петропавл 2-ЖЭО мерейтойы тұрғындарға нақты пайда әкелгенін қалаймыз. Міндет — қаланы желден қорғайтын, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарын ұзақ жылдар бойы қуантатын толыққанды жасыл аймақтар құру. Ағаштарды күтіп-баптау және су қоймаларын ретке келтіру жұмыстарын өзіміз жүргіземіз, бұл біз үшін туған өңір алдындағы жауапкершіліктің бөлшегі», — деп атап өтті «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры Анатолий Казановский.

Кәсіпорын үшін бұл мерейтой — маңызды тарихи белес. 1961 жылғы 20 шілде Петропавл 2-ЖЭО-ның ресми құрылған күні болып есептеледі. Өткен онжылдықтар ішінде станция жаңғыртудың үлкен жолынан өтті. Бүгінгі акция қазіргі заманғы энергетика тек үйлердегі сенімді жылу мен жарық қана емес, сонымен бірге экологияға және қаланың болашағына деген шынайы қамқорлық екенін көрсетеді.