Петропавлда Ружейников к. бойы диаметрі 500мм №6 жылу магистралі қайта жаңартылуда. Гоголь к. бастап Халтурин к. дейін шамамен 900 метр магистральді құбыр ауыстыруға және жаңа бекіткіш арматураны орната отырып, 3 жылу камерасы қайта жаңартуға жатады.

Қазіргі таңға жоспарланған жұмыс көлемінен шамамен 25% орындалды, шамамен 250 метр құбыр ауыстырылды және бір жылу камерасы қайта жаңартылды.

Жоабны іске асыру тұтынушыларды жылумен және ыстық сумен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз етуге, жылу шығынын және жылу желілеріндегі апаттылықты азайтуға мүмкіндік береді. Барлық жұмыстар жылыту маусымы басталғанға дейін аяқталады.

Ружейников к. бойы №6 жылу магистралін қайта жаңарту 2024-2026 жылдардың-жобаны іске асыру кезеңінде "Петропавл Жылу Жүйелері" ЖШС инвестициялық бағдарлама шеңберінде мердігерлік ұйыммен орындалуда. Қайта жаңартуға жататын, учаскенің ұзындығы 1,7км құрайды, №6 жылу магистралінен шамамен 100 тұтынушы, оның ішінде Ботаникалық бақша қосылған.