Қала билігінің қаулысының негізінде  24 қыркүйектен бастап «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС объектілерді кезең-кезеңімен қосу бойынша науқанды бастайды:  бірінші күндері бала бақшалар мен медициналық мекемелерге бере бастайды, үшінші күні  — тұрғын үйлерге. Қаланың күрделі жылу жүйесі кем дегенде 10 күн ішінде тұрақты қосылуды қажет етеді.  Магистральдық, тарату және  ішкі үйлік жүйелерді іске қосу үшін үлкен жұмыс көлемі қажет болғандықтан, бірнеше  күннің  ішінде бүкіл қаланы жылумен қамтамсыз ету техникалық мүмкін емес.  

 

Бұрын жылу энергетиктер  жеке өтініштер бойынша қосуды жүргізген болатын. Қазіргі таңда  жылумен жабдықтау  215 объектіде бар: 29 мектепке дейінгі мекемелерде,  10 оқу мекемелерінде, 3  медициналық мекемелерде, 148 жеке салынған үйлерде және 1 көппәтерлі үйде, 2 спорт объектісінде және 22 басқаларында.  

  Қала тұрғындарының үйлерінде  жылу қаншалықты тез пайда болатыны да  ОСИ/ПТ/НСУ байланысты.   

Төменде жылу беру маусымы басталғаннан бастап күндер бойынша бөлінген қаланы жылумен жабдықтаудың кезең-кезеңімен  бағдарламасын (картаны) жариялап отырмыз:  

19 және 20 шағын аудандар, «Борки» кенті,   «Юбилейный» шағын ауданы - 3- күні 

 

 «Береке»,  сапаржай ауданы  «Жұмысшы» кенті -  4 -күні

 

  БЖ ауданы, Шухов – Мүсірепов – Набережная – Жамбыл к. -  5- күні

 

 Мүсірепов к.– Нұрсұлтан Назарбаев к. – Жабаев ө.ж.–  Алматинская к.  шекараларында- 6 -күні  

 

  Алматинская  к.- Абай к. шекараларында (қаланың оң жақ бөлігі)-  7- күні

 

В границах ул.Театральная к. - С.Мұқанов к. -  Нұрсұлтан Назарбаев к.  -Абай к. - 8-күні

 

 Алтынсарин к.   - Амангелді к.  бастап Жас Өркен жағына - 9 -күні

 

Қайтару  құбырында қысым реттегіштері жоқ 9 және одан  да көп қабатты тұрғын үйлер - 10- күні.