Александр Фоминых, «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ ардагері, III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденіне ие болды.

Қазақстан Республикасының күнін атап өтуге арналған, салтанатты іс-шарада Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов энергетиктерге награданы тапсырды.

Александр Фоминых «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ 1969 жылдан бастап 2016 жыл бойынша қосалқы станциялар қызметінің тарату құрылғыларын жөндеу жөніндегі электрослесарь болып жұмыс істеді, ал қазір құрметті демалыста. Жұмыс кезеңінде Александр Николаевич жауапты және кәсіби қызметкер ретінде өзін көрсете білді. Энергетикаға қосқан елеулі үлесі үшін 2011 жылы Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығының Құрмет грамотасымен марапатталды, ал 2024 жылы «Ардагер энертик» атағы берілді.

Күнделікті ауыр еңбек -елдің әл-ауқаты мен дауының кепілі, деп Александр Фоминых санайды. Осы құндылықты оның отбасы да бөліседі: балалары мен немерелері әулет басшысының жолын қуып, өз өмірлерін энергетикамен байланыстырды.

Александр Николаевичті лайықты наградасымен құттықтаймыз!