Алаяқтар қазір интернеттте ғана емес. Олар «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ және өзге энергокомпаниялардың кейпіне еніп, Сіздің есігіңізді қағады, телефонға және домофонға қоңырау шалады. Олардың мақсаты- Сіздің ақшаңыз, ал бастысы-Сіздің сеніміңіз және қорқыныш сезімі.
Тек 2025 жылға Солтүстік Қазақстан облысында ғана 654 интернет-қылмыстық оқиғалар тіркелді. Алаяқтардың әртүрлі айла-шарғы арқылы ұрлаған қаражатының жалпы сомасы бір жарым миллиард теңгеге жақындады.Тәуекел тобында -барлығы, әсіресе зейнеткерлер мен балалары бар отбасылар.
Алаяқтар қалай жұмыс істейді?Олар электр қуатының ажыратылуы немесе жылудың жоғалуы қорқынышын пайдаланып,жасанды жеделдікті жасайды. Олардың барлық айла-шарғылары бір нәрсеге келіп тіркеледі: Сізді шұғыл және ерікті түрде ақша аударуға немесе құпия ақпаратты ашуға мәжбүрлейді.
Алдаудың 6 басты схемасы:
- Телефон бойынша «Есептегішті жедел тексеру». «Кезек» немесе «растау» үшін SMS-тен кодты айтып беруді талап етіп, Сізге «Өтім-нен» қоңырау шалады. Шындығында бұл банктік операцияның растау коды.
- Берешекке байланысты «Ажырату қаупі». Жақын арада электр энергиясын ажыратуды қорқыта отырып, шоттар бойынша ірі «берешекті» тез арада төлеуді талап етеді.
- Жалған түбіртектер мен «аса шұғыл» жөндеу жұмыстары. Жалған төлемдерді жіберу немесе «жеделдетілген» күрделі жөндеу немесе жаңа есептегіштерді қосымша төлем талаптары.
- SMS-та және мессенджерларда сандық тұзақтар. «Хабарлама қызметінен» алынған хабарламадағы сілтеме фишингтік сайтқа апарады, онда Сіздің банктік деректеріңіз «ең төменгі комиссияны» төлеу түрімен ұрланады.
- Домофон арқылы «тексеру».Төлем мәселелері туралы хабарлайтын және кіреберіске немесе «тексеріс» үшін пәтерге жіберуді талап еткен, «қызметкерден» домофонға қоңырау.
- Атақты тұлғалармен жалған бейнероликтер. Алаяқтар жасанды интеллектті игерді: олар шынайы бейнелер жасайды, онда атақты тұлғалар немесе энергокомпанияның басшылығы пайдалы жобаларға ақша салуға немесе қызметтерге акциялар арқылы төлеуге шақырады. Осындай роликтардағы адам беті және дауысы шынайы болып көрінеді, іс жүзінде бұл Сіздің сеніміңізге кіру үшін нейрожелімен жасалған, жалғандық.
Білу маңызды:энергокомпанияның нақты қызметкерлері ақшаны талап етумен жаппай қоңырауды жүзеге асырмайды.Ресми хабарламаларды бақылаушылар жеке қолға ұстатады.
Алдаушылардан Сіздің ең жақсы қорғанышың – екі қадам алда болу. Осы қарапайым қадамдарды сақтай отырып, Сіз өзіңізді және өз отбасыңызды сенімді қорғай аласыз.
- SMS-тан код –бұл Сіздің шотыңыздан кілт. Ешқашан, еш жағдайда оны бөгде адамдарға айтпаңыз және жібермеңіз.
- Әңгімені тоқтатыңыз және өзіңіз қайта қоңырау шалыңыз. Әрбір сезікті қоңырау кезінде байланысты үзіңіз.Өзіңіз Сіздің энергокомпанияның ресми нөмірін теріңіз. «Солтүстік-Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ үшін: 8 (7152) 500-666.
- Тек тексерілген арналар арқылы төлеңіз. Банкттік ресми қосымшаларды, олардың кассаларын, «Қазпошта» бөлімшесін немесе тексерілген төлем терминалдарын қолданыңыз.
- Қызметкердің құқығын растайтын, құжатта талап етіңіз. Егер Сізге адам келсе, фотосуреті және мөрі бар қызметтік куәлігін сұрауға ұялмаңыз.Сіз оның деректерін компаниядағы ақпаратпен салыстыра аласыз.
- Егер Сіз құрбан болсаңыз, үрейленбеңіз. Картаңызды бұғаттау үшін дереу банкке қоңырау шалыңыз және мүмкіндігінше тезірек полицияға арыз жазыңыз.
Алаяқтық дамып келеді, бірақ Сіздің қырағылыңыз – басты қалқаныңыз.Үрейленбеңіз, ақпаратты әрқашан ресми телефон нөмірлері мен мекен-жайлары бойынша тексеріңіз. Бұл жадынамамен жақындарыңызбен, әсіресе егде жастағы туыстарыңызбен бөлісіңіз. Сіздің қауіпсіздігіңіз – Сіздің қолыңызда!


