Алексей Белоног энергетика саласына студент кезінде келген. Өндірістік тәжірибеден 10 кВ кабельдік желілер қызметінде өтіп, бүгінде «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ қосалқы станциялар қызметінде инженер болып еңбек етеді. «Алғашқы жұмыс күнінде, әрине, әрдайым толқынысқа толы болады: жаңа адамдар, бейтаныс орта. Алғашқы тапсырмаларды асықпай, ақылдаса отырып орындадым. Ешкім ұрысқан жоқ, керісінше – тәжірибелі әріптестерім жұмыстың қыр-сырымен бөлісті. Біздің ұжым өте мейірімді әрі түсіністікпен қарайды, сондықтан мен ортаға тез сіңісіп, үлкен отбасының бір мүшесіне айналдым», – деп еске алады Алексей.
Әріптесіміздің міндетіне қосалқы станция жабдықтарындағы жұмыстардың (пайдалану, жөндеу) кестелері мен жоспарларын жасау, негізгі жабдықтарды жөндеуге шығару үшін диспетчерлік қызметтерге жедел өтінімдер беру, сондай-ақ 220–10 кВ қосалқы станциялардың технологиялық сұлбаларын оқу кіреді. «Инженер жұмысында мені әсіресе техникалық бөліммен айналысу, жоғары вольтты жабдықтарды жөндеу және іссапарларға шығу қызықтырады», – деп атап өтті Алексей.
Қосалқы станциялар қызметі инженерінің пікірінше, заманауи энергетик кәсіби тұрғыда үнемі өсіп отыруы тиіс, ал оның басты қасиеті – жауапкершілік, өйткені әрбір шешімге адамдардың қауіпсіздігі байланысты. «Энергетика – бұл өмір. Онсыз біздің үйреншікті әлеміміз бұрынғыдай болмайды», – деп сеніммен айтады әріптесіміз. Алексей Белоног сияқты өз ісіне берілген әрі мақсаткер мамандар ең үздік энергетиктердің дәл осы жерде еңбек ететінін дәлелдейді!
