Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні – экологиялық қауіпсіздік энергия өндіру сияқты үздіксіз процеске айналған Петропавл 2-ЖЭО-ның ішкі тыныс-тіршілігіне көз жүгіртудің тамаша мүмкіндігі. Альфия Лойко – «СЕВКАЗЭНЕРГО»
АҚ-ның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жетекші инженері, оның еңбек өтілі 15 жылдан асады. Петропавл 2-ЖЭО-ның экологиялық жағдайын күнделікті жіті бақылауда ұстап отырған дәл осы маман.
Біздің әріптесіміз табиғатты қорғау іс-шараларын жоспарлаумен айналысады, шығарындылар нормативтерін қадағалайды, су тұтыну мен су бұруды есепке алады, станция іші мен оның айналасындағы қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізеді, ал ең бастысы – стратегиялық маңызы бар энергия нысанының экологиялық заңнамаға сай, үйлесімді жұмыс істеуі үшін барлық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді.
«Басқа бөлімшелердегі әріптестермен өзара іс-қимыл жасау – өндірістік бақылаудың негізі.
Біз, экологтар, заңнама талаптарын өндірістік процестердің түсінікті тіліне аударатын үйлестіруші ретінде жүмыс жасаймыз. Ұжымда ортақ мақсат жолында өзара қолдау көрсету және әркімнің пікіріне шынымен құлақ асатын кез келген мәселені ашық талқылау мүмкіндігі өте маңызды», – деп атап өтті Альфия.
Сонымен бірге, энергетика саласы әріптесімізді үйде де қоршап тұр - оның жолдасы Андрей Галкин станцияда 30 жылға жуық уақыттан бері еңбек етіп келеді. «Бұл – ортақ мүдде ғана емес, сонымен қатар қажетті сәтте ақыл-кеңес айта алатын немесе жай ғана тыңдай білетін жақын адамыңның қолдауы», – күліп, бөліседі Альфия. Ерлі-зайыптылар үйде жұмыс туралы аз сөйлесуге тырысады, уақыттарын белсенді өткізгенді жөн көреді: қыста шаңғы тебсе, жазда жүзеді, үстел теннисін ойнайды, ал саяхат – Альфия үшін жанға қуат беретін шабыт пен жарқын сәттердің бастауы.
Өзінің бай тәжірибесіне сүйене отырып, ол істі жаңа бастаған әріптестеріне: «Алғашқы қиындықтар туындағанда ешқашан рухыңыз түспесін. Жылдам әрі икемді болыңыздар, үнемі жаңа нәрсені үйреніңіздер, сонда жұмыстарыңыз қызықты, ең бастысы, сенімді болады» деген кеңес береді. Көпжылдық кәсібилік, шынайы қарапайымдылық пен өз ісіне деген адалдықтың осындай үйлесімінің арқасында біз мақтанышпен: «Үздік энергетиктер дәл осы
жерде жұмыс істейд!», – деп айта аламыз.

