Заманауи энергетикада табыс тек жабдықтың сенімділігіне ғана емес, сонымен қатар әрбір қызметкердің кәсібилігі мен адалдығына байланысты. Міне, осы қасиеттер «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ қалалық электр желілері басқармасының жедел және техникалық бақылау тобының аға шебері- Анастасия Волковаға 17 жылдан астам күрделі міндеттерді тиімді шешуге мүмкіндік береді. Бір қызығы, Анастасия кәсіпорындағы өндіріс саласында осындай лауазымды атқаратын жалғаз әйел.

Өзінің кәсіби жолын бақылаушы лауазымынан бастады. Бірінші тәжірибе алғаннан кейін Анастасия электромонтер лауазымына ауысты, тәжірибеде желі жұмысының барлық қыр-сырын үйренді. Жоғары жауапкершілігі мен еңбекқорлығы алдымен шебер лауазымын ұстануға, сосын топтың аға шебері лауазымын ұстануға мүмкіндік берді.

Энергетика Анастасия үшін — отбасылық кәсіп. Әкесі еңбек жолын Петропавл 2-ЖЭО-да экскаваторщик болып бастады, сосын «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ-да және «Севказэнергосбыт» ЖШС-да жүргізуші болып жұмыс істеді. Ағасы мен әпкесі жылдар бойы компанияда жұмыс істеді.

Оның позициясының ерекшелігі — ол толығымен дерлік ерлер ұжымын басқарады. Бұл терең кәсіби білімді ғана емес, сонымен қатар жоғары тәртіп пен жұмыстың күрделілігін сақтай білуді талап етеді. «Әділ және тұрақты басшы болу маңызды — деп, Анастасия атап өтті. —Біздің жұмысымызда қателіктерге жол жоқ, әрбір топ мүшесі өз жауапкершілігін түсінуі керек».

Аға шебердің міндетіне тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды шектеу бойынша жұмысты ұйымдастыру кіреді, оның ішінде арнайы жабдықты қолдана отырып қашықтықта өшіру. Сонымен қатар оның жауапкершілік аймағында- қосылу схемасын тексеру және электр энергиясын есепке алынбаған тұтыну жағдайларын анықтау

Анастасия өзінің мансабындағы аса жарқын оқиға- аға шебер лауазымына тағайындалу деп, есептейді. «Бұл мен үшін басшылық тарапынан жоғары сенім және менің кәсібилігімді растау болып табылады»— деп, ол ойымен бөлісті.

Анастасия Волкова бос уақытын бау-бақша мен гүлдерді өсіруге арнайды. Бұл хобби жұмыстан дем алуға және жауапты жұмыстағы жаңа жетістіктер үшін энергиямен қуаттануға мүмкіндік береді.