Тұрғын үйлерде кенеттен жарық өшіп қалған кезде, көптеген адамдар үшін өмір бір сәтке тұрып қалады. Бірақ осы сәтте «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ жедел-диспетчерлік қызметінің жедел- көшпелі бригадасының электромонтері - Артёма Левченко үшін аса маңызды жұмыс басталады. Оның міндеті- тек технологиялық бұзушылықты жойып қана қоймай, қысқа мерзімде қаланы бірқалыпты ритмге қайтару.

Әрбір 12-сағаттық ауысым – Артём Левченко үшін жауапкершілік марафоны. Оның жұмыс күні жедел- көшпелі бригаданың кезекші автомобилін тексеруден басталады, онда қорғаныс құралдарын және материаларды тексереді, өйткені энергетикада жинақталудан барлық топтың қауіпсіздігі байланыста. Күні бойы біздің әріптесіміз кезекші диспетчердің «қолы мен көзі» болып табылады – электр жабдығын басқарады, тексеріс жүргізеді және технологиялық бұзушылықтарды жойған кезде жедел қосып-ажыратуларға қатысады. Мұндай шыдамдылық жылдар бойы қалыптасады: Артем энеретикалық саладағы өзінің жолын жас кезінде саналы түрде таңдады. Қазіргі таңда оның еңбек өтілі 20 жылды құрайды. «Біздің ісімізде қателік жібермеу, шоғырлануды сақтау және орындайтын іс-әрекетті байсалды бағалау маңызды» – деп, Артём ойымен бөлісті.

Қатал жұмыс жағдайларына қарамастан, әріптесіміз тыныштықты бағалайтын адам болып қала береді. Ол өмірдің қарапайым қуаныштарынан тепе-теңдікті табады-балық аулауда және отбасымен бірге табиғатта демалуда.

Артем өз жұмысын ең жақсы көретін сәттерінде осы тыныштық байқалады. «Технологиялық бұзушылықтарды жою бойынша бірнеше жұмыс сағатынан кейін адамдардың терезелерінде шамдар қайта жанғанда, бәрі дұрыс жасалғанын түсінесің» – деп мойындайды Артём.

Мінсіз жұмысы үшін әріптесіміз бірнеше рет еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы үздік қызметкер ретінде танылды. «Мен оларға қауіпсіздік талаптарын байыпты қабылдауға,тәжірибелі әріптестерінің кеңестерін жиі тыңдауға және арнайы әдебиеттерді оқуда жалқау болмауға кеңес беремін». Артём Левченко және оның жүздеген әріптестері күн сайын энергетика тек сымдар мен қосалқы станциялар ғана емес, өз жұмысына берілген адамдар туралы екенін, дәлелдейді. Осы шеберлердің арқасында біз сенімді түрде айта аламыз: мұнда ең үздік энергетиктер жұмыс істейді!