Смета цифрлары мен техникалық сызбалардың артында нағыз мінез, ауқымды жобалар және спорттық шыңдалу тұрғанын Петропавл 2-ЖЭО Қайта құру және жаңғырту басқармасының қызметкері Асылхан Викторов жақсы біледі.

Әріптесіміз «Құрылыс нысандарын жобалау және ақпараттық модельдеу» мамандығы бойынша білім алған, сондықтан оның қайта құру және жаңғырту басқармасын таңдауы саналы түрде болды.

Әріптесіміздің күнделікті жұмысы әртүрлі кезеңдердегі жобаларды қолдауды қамтиды: техникалық құжаттаманы әзірлеу мен тексеруден бастап, мердігер ұйымдармен келіссөздер жүргізуге және құрылыс-монтаждау жұмыстарының мерзімдерін, көлемі мен сапасын қатаң
бақылауға дейін. Асылхан: «Еңбегіңнің нақты нәтижесін көргенде, жұмсалған күш пен уақыттың шынайы жобаның
бір бөлшегіне айналғанын түсінесің», – деп айтады.

Асылхан бос уақытының көп бөлігін футболға арнайды, ал жақында ол корпоративтік Спартакиадада компания намысын қорғап қайтты. «Тұрақты жаттығулар мен жарыстарға қатысу мінезді шыңдайды, тәртіпті дамытуға және жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын
болуға көмектеседі», – деп атап өтті әріптесіміз. Іс бастаушы мамандарға Асылхан: «Еш нәрседен қорықпай, компания өмірінде белсенді болудан тартынбаңыздар», – деп кеңес береді. Осындай қызметкерлердің мақсатқа ұмтылысына, қуаты мен сенімділігіне қарап, біз нық сеніммен айта аламыз: ең үздік энергетиктер осында жұмыс істейді!