Инженер-химикті зауыт зертханасының технологиялық дәлдігінен ірі энергетикалық компанияның «ыстық жүрегінде» жұмысында істеуге не шабыттандырды екен? Жәй жауап-өндірістің масштабы мен динамикасы! Бұл біздің әріптесіміз- Петропавл 2-ЖЭО жетекші инженер-химигі Елена Ковальдің кәсіби тағдырында шешуші рөл атқарған факторлар.

Энергетикадағы Еленаның кәсіби старты 2015 жылы басталды, ол қызмет саласын түбегейлі өзгерту туралы шешім қабылдаған кезде жұмыс істеуге келді. Өзінің алғашқы әсерлерін былай сипаттайды: «Станцияға келгенде, оның күшіне таң қалдым және осында жұмыс істегім келетінін, түсіндім». Осы сәттен бастап инженер-химиктің кәсіби өмірі энергетикамен тығыз байланысты. Біздің маманымыз кәсіпорынға деген осы адалдығын отбасымен бөліседі: Еленаның жұбайы да 2-ЖЭО-да, электр цехында еңбек етеді.

Қазіргі таңда Елена Коваль – барлық кәсіпорнның «химиялық денсаулығына» жауап беретін, негізгі маман. Оның жауапкершілігіне күрделі бақылау кіреді: сыға, буға, конденсатқа және реагенттерге талдауының дұрыстығын тексеруден бастап қазандықтардың қыздыру бетінен, турбиналардың және жылу алмастырғыштардың ағын жолынан шөгінділердің егжей-тегжейлі химиялық талдауын жүргізгенге дейін.Сондай-ақ ол барлық процестердің абсалютті дәлдігін кепілдендіре отырып, кіріс реактивтерін басқаруды қамтамасыз етеді.

Жоғары кәсібилігі үшін Елена Ковальға «Мамандық бойынша үздік» атағы берілді. Еленаның өзі жұмыстың маңызды екеніне сенімді: «Біз станцияның үлкен механизміндегі кішкентай тісті доңғалақтармыз». Және бұл ең маңызды «тісті доңғалақтардың» бірі. жылу және электр энергиясын тиімді және қауіпсіз өндіруді қамтамасыз етеді.

Елена өз мамандығын тұрақтылығы мен даму мүмкіндіктері үшін бағалайды, сондай-ақ әрқашан көмектесуге дайын тамаша ұжымды атап өтеді. Энергетиктер отбасы үшін қосымша артықшылық ұйымнан жалға берілетін тұрғын үй алу мүмкіндігі болып тұр.

Елена Коваль – жеке қызығушылық пен берілгендіктің энергияда кез-келген нәрсе мүмкін екенін дәлелдейтінінің жарқын мысалы болып табылады. Ол жас мамандарға нақты кеңес береді: «Ең бастысы-қорықпау, бәрін анықтауға болады-ештеңе мүмкін емес». Техникалық сауаттылық пен іске деген сеніммен қолдау тапқан мақсаттарымызға жету жолындағы бұл ұмтылмас бізге «Мұнда үздік энергетиктер жұмыс істейді!» деп мақтанышпен айтуға мүмкіндік береді.