Евгений Цыганков – Қазақстан Конституциясымен құрдас және патриотизмнің басты көрінісі ол өз ісіне жауапкершілікпен қарауды қарастырады.
«Энергетикада кездейсоқ адамдар жоқ-деп, Петропавл 2-ЖЭО электр цехының жабдығын жөндеу жөніндегі шебері- Евгений Цыганков сенімді айтты. –Мен үшін пайдалы болу маңызды. Мен тұрақтылықты, даму мүмкіндіктерін және ең бастысы күрделі техникаға қызығушылық беретін мамандықты таңдадым».
Евгений – отбасында бірінші энергетик. Ол 2017 жылы ашақ тарату құрылғылар (АТҚ) бригадасында жабдықты жөндеу жөніндегі электрослесарь лауазымында мансабын бастап, Петропавл 2-ЖЭО-ға келді. Табандылық пен білімге үнемі ұмтылудың арқасында 2019 жылы университетке оқуға түсіп, ал 2022 жылы дипломмен, шебердің постын иеленді.
«2-ЖЭО-да мен білімнің жаңа деңгейіне көтерілдім, шешім қабылдауды және олар үшін жауапкершілікті алуды үйрендім-деп, Евгений айтты. Жабдықты және оны пайдалану ережелерін терең түсіну учаскедегі қауіпсіздіктің негізі болып табылады. Менің міндетім- адамдарға, техниканың жарамдылығына және оның үздіксіз жұмыс істеуіне жауапты болу. Мен барлық жұмыстың сапалы және әріптестердің денсаулығына қауіп төндірмейтініне сенімді болуым керек. Өйткені, біздің ұжым нағыз кәсіби мамандардан құралған, екінші отбасы».
Евгений ақауларды жоюда ерекше қанағат сезімін табады, мұнда ол өзінің кәсібилігін толықтай қолдана алады. Өмірін энергетикамен байланыстыруды жоспарлап жүргендерге сұрақ қоюдан қорықпауға және қателіктерден ұялмауға кеңес береді: «Тәжірибелі мамандар, іске деген шынайы қызығушылық пен құрметті көрсе, білімімен бөлісіп, көмектеседі».
Евгений үшін шабыттың негізгі көзі –оның отбасы. «Жұмыс күнінен кейінгі ең жақсы марапат -баламның «Әке, сен бүгін жарық пен жылу болсын деп, жұмыс істедің ба?» Мен мақтанышпен жауап бере аламын: «Иә, балам, дәл солай».
Евгений Цыганков және оның командасы – бұл Петропавл 2-ЖЭО тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін, кәсіби мамандар. Цыганковтардың кәсіби әулеті жалғасын табады деп, сенеміз.
Мұнда үздік энергетиктер жұмыс істейді!