Евгений Макаренконың балалық шағы да энергетикамен байланысты: өмір бойыПетропавл 2 ЖЭО-нда жұмыс жасаған әкесі оны өзімен бірге жұмысқа алатын,
жабдықтарды көрсетіп, жылу және жарық қалай пайда болатынын түсіндіретін. Бала кезінде алған әсері қазіргі кәсібінедеген бірінші адымы болды. Евгений
құрылысшы білімін алғанымен, тағдыры оны стансаға аударды. Жұмыс жолын слесір мамандығымен бастап, ол турбина цехінің машинисіне ауысты, ал қазір өте күрделі процестерді басқарады.
«Энергетика – тірі ағзаға тәрізді: оның ырғағын сезіп тұрасың. Әр аусым – жабдықтардың жұмысына бақылау, ол жүздеген параметр: қысым, температура, жүктеме. Стансаның жылу сызбасында, турбоқондырғыларда қосып-ажыратулар жасау, турбиналықцехтегі қызмет көрсетілетін жабдықтарды қосу және тоқтату. Жүйенің тұрақты
жұмысына барлық механизмге бақылау қажет»,– дейді Евгений.
Турбиналық цехте жұмыс жасау үшін жоғары біліктілік, зейін және команданыңжұмылып жасағаны қажет. Машинис және оның көмекшісі бірігіп әрекет етеді – бұл
сенімділіктің кепілі. «Үздікэнергетиктер осында жұмыс жасайды» – дейді Евгений.
Заманауй энергетика үнемі
дамып жатады, және турбина машинисіне үзіліссіз машықтану қажет. «Турбина машинисі мамандығы– тұрақтылық, командалық жұмысты бағалайтын жәнедамуға дайын адамдар үшін. Ең
бастысы – жаңаны игеруденқорықпау. Технологиялар
өзгереді. Өз ісінің шебері болу үшін заманнан қалып қалмау керек», – дейді Евгений.