Әуе желілері қызметінің қызметкерлері-бұл өз жұмысын тез және өте дәл орындауы тиіс, арнайы жасақтар. Бригадалар энергетикалық алдыңғы қатарды ұстап тұру және тұтынушыларды ажыратулардан құтқару үшін жиі экстремалды ауа-райында жұмыс істейді.
«Менің міндеттеріме электр жабдықтарын монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, электр жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету кіреді» -деп, Иван Ефименко айтты.
Ол өз жұмысында ең ұнайтыны -ақауларды табу және түзету, жаңа технологиялар мен жабдықтарды зерделеу екенін, мойындайды. Бірақ шиеленіскен сәттер де болады.
«Электромонтер болудың ең қиыны -өзіңіздің және басқалардың қауіпсіздігі үшін үнемі жауапкершілік арқалау. Биіктікте, жету қиын жерлерде және қолайсыз жағдайларда жұмыс істеу физикалық тұрғыдан қиын болуы мүмкін»-деп, Иван ойымен бөлісті.
Оның айтуынша, жас қызметкерлер практикалық тәжірибеге, үздіксіз оқуға және біліктілігін арттыруға, сондай-ақ командада жұмыс істей білуге және сұрақ қоя білуге көбірек көңіл бөлуі керек. Мықты кәсіби қарым-қатынастарды құру және бастапқы кезеңде қиындықтардан қорықпау маңызды-деп, санайды ол.
2025 жылы Иван Ефименко «ОАЭК» АҚ электромонтер бригадаларының жарыстарына қатысты. Кейін Қырғызстанда өткен халықаралық жарыстарға Қазақстанның атынан қатысып, біздің команда күміс жүлдегер атанды. Бәскелестік рух- ерте жастан Иванға жат емес-ол спортшылар отбасында өсті.
«Бала кезімнен футбол мен теннис ойнауға құмармын. Спорт –бұл менің денсаулығым мен денемді сақтауға ғана емес, сонымен қатар өз әлеуетімді ашуға және жаңа мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретін, хобби» - деп, Иван мойындады.
Бұл мүмкіндікті ол 2024 жылы «ОАЭК» АҚ ішкі корпоративтік спартакиадасында алды, онда жалпы есепте спорттың үш түрінен «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ командасы бірінші орынды жеңіп алды. 2025 жылдың тамызында Иван Ефименко «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ командасымен Петропавл қ. өтетін, «ОАЭК» АҚ ішкі корпоративтік спартакиадасына қатысады.
Біздің қызметкерлер ең лайықты нәтиже көрсететініне, сенімдіміз.
Мұнда үздік энергетиктар жұмыс істейді!