Иван Моисеев Петропавл 2-ЖЭО-да 10 жылдан астам уақыт бойы еңбек етіп келеді. Біздің әріптесіміз өзінің кәсіби жолын мазут сорғыш станциясында слесарь болып бастаған, ал бүгінде ол қазандық цехының мазут сорғыш бригадасының жабдықтарды жөндеу шебері қызметін атқарады.
Әріптесіміз жабдықтарды жөндеу көлемі мен кестелерін уақытылы жасауға, қазандық цехының мазут сорғыш жабдықтарын сапалы жөндеуден өткізуге, сондай-ақ сорғыш жабдықтары мен құбыржолдардың ақауларын анықтауға жауапты.
Иванға өз күшіне деген сенімділікті кез келген мәселені әрдайым бірлесе шешуге дайын цехтағы әріптестерінің қолдауы мен үйде күтіп отырған берік отбасы береді. Ол кәсіби маманның басты қасиеттері деп тапқырлықты және мақсатқа ұмтылысты санайды. Осындай қызметкерлердің темірдей төзімділігіне, шеберлігіне және таңдаған ісіне деген адалдығына қарап, біз сеніммен айтамыз: ең үздік энергетиктер осында жұмыс істейді!

