Қайсар Тұрсымбаев энергетика саласына ағасының кеңесімен келген. Бүгінде ол Петропавл 2-ЖЭО-ның қазандық жабдықтарының аға машинисі, ал оның «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-дағы он жылдан астам жинақтаған жемісті жұмыс тәжірибесі бар.


Аға машинистің жұмысы тұрақты зейін қоюды талап етеді. Қайсар қазандық агрегаттарын жағу және тоқтату процестерін, сондай-ақ цехтың жылу сұлбалары мен технологиялық су құбырлары сұлбаларындағы ауыстырып қосу жұмыстарын басқарады. Жедел персоналдың жұмысын ұйымдастырады: міндеттерді бөледі, өкімдер береді және ауысымдық тапсырмалардың орындалуын бақылайды. Басқару қалқандарын аралау барысында қазандық агрегаттарының жұмыс режимін бағалайды, жабдықтың тұрақты әрі үнемді жұмысын қамтамасыз ете отырып, оның режимдік карталардың талаптарына сәйкестігін қадағалайды. Сондай-ақ пайдалану кестелерінің сақталуын және жедел персоналдың талаптарды орындауын бақылайды. «Әрбір қызметкер өз жауапкершілігін түсінуі тиіс. ЖЭО-ның тұрақты жұмысы ғана емес, адамдардың қауіпсіздігі де осыған байланысты», - дейді ол.


Өндірісте өткен жылдар ішінде Қайсар энергетика саласы – бұл ұжым біртұтас механизм ретінде жұмыс істейтін, әркім өз ісін жетік біліп, ортақ нәтижеге бағытталған командалық жұмыс екеніне көз жеткізді.


Жинаған тәжірибесін әріптесіміз жас мамандарға белсенді түрде үйретіп келеді. Өз жолын жаңадан бастағандарға ол мамандықта өзін сенімді сезіну үшін үздіксіз оқуды, кітап оқуды, сұлбаларды зерттеуді және өрісін кеңейтуді ұсынады.
Іске деген мұндай көзқарас лайықты жемісін беруде: Қайсар Тұрсынбаев «2021 жылдың үздік маманы» болып танылып, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.


Бос уақытында Қайсар спортпен айналысады және футбол, хоккей, волейбол және бокс матчтарына тұрақты түрде барады. Ол спорт пен энергетиканың ұқсас екеніне сенімді: екі салада да командалық рух, өзара көмек және әркімнің қосқан үлесі өте маңызды. Мұндай кәсіпқойлармен мақтанамыз, өйткені ең үздік энергетиктердің осында жұмыс істейді!