200-ге жуық энергетикке кадрлық қолдау көрсетуге персоналмен жұмыс істеу жөніндегі бөлімнің маманы Кира Синякова жауапты. Біздің әріптесіміз кадр мәселелерімен, құжаттарды ресімдеумен, қызметкерлердің еңбек демалыстары мен іссапарларын жүргізумен, сондай-ақ персоналды іріктеумен айналысады.

«Энергетика — бұл жауапты әрі сенімді, әрдайым үйренетін нәрсесі бар кәсіби мамандардың басын біріктіретін, өмірлік маңызы бар сала» деп сенуде Кира.


Күнделікті адамдармен жұмыс істеу одан зор зейінділікті, төзімділікті және әркімді тыңдай білуді талап етеді.

«Жұмыстағы ең басты нәрсе — әркімге жеке тәсіл таба білу. Әркімнің мінезі, үміті мен өз жағдайы бар, сондықтан кейде психолог та, келіссөз жүргізуші де болуға тура келеді», — деп, күлімсірейді Кира.


Біздің әріптесіміздің қызметінде корпоративтік іс-шараларды ұйымдастыру ерекше орын алады. Мұнда тосын жайттар мен ерекше жағдайлар жиі болып тұрады.

«Әртүрлі жағдайлар болады: бірден шешім ойлап табу керек, форс-мажорлар да кездеседі. Бірақ әріптестердің жұмысқа жұмыла кірісіп, бір-біріне позитив сыйлап, ауызбіршілік танытқанын көргенде, өз ісіңнен нағыз кәсіби ләззат аласың», — деп, атап өтті Кира.


Өз мансабының басына көз жүгірте отырып, ол өзіне мынадай кеңес берер еді: «Үйрен, сұраудан қорықпа, құжаттарды қайта тексер, жаңа жұмыс жағдайларына таңғалма және әрдайым сабырлылық пен әзіл сезімін сақта».

Жұмысты жаңадан бастаған әріптестеріне Кира мынадай кеңес береді: «Сабырлы болыңыздар, қателік жіберуден қорықпаңыздар, дұрыс қорытынды жасаңыздар және әрдайым басқалар бірге жұмыс істегісі келетіндей адам болып қалыңыздар».

Бойына жүрек жылуын, өз мамандығына деген адалдықты және ұжымның басын біріктіре білу қасиетін ұштастырған маманға қарап, біз нық сеніммен айта аламыз: ең үздік энергетиктер осында жұмыс істейді!