Энергетика саласында жұмысы жоғары дәлдік пен жауапкершілікті талап ететін, мамандардың ерекше санаты бар. «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ энергетикалық бақылау бөлімінің инженері- Константин Малеев дәл осы санаттағы мамандарға жатады. Оның міндеті- электр энергиясын дұрыс есепке алуды қамтамасыз ету және есепке алынбаған тұтыну жағдайларын болдырмау.12 жыл қызмет еткен ол өзінің біліктілігін шыңдай түсті.
«Біз кешенді тексеру жүргіземіз, қосылу схемаларын егжей-тегжейлі талдаймыз, есепке алу аспаптарының жұмысқа жарамдылығын тексереміз. Бұл үнемі кәсіби өсуді қажет ететін, қажырлы еңбек»— деп, Константин айтады.
25 жыл бұрын мамандық таңдау кездейсоқ емес: Константин әкесінің жолын қуды. Энергетика отбасылық кәсіпке айналды-оның жұбайы Галина Лысенко да компанияда жедел бөлім және техникалық инспекция тобында инженер болып жұмыс істейді.
Константин өз жұмысында тұтынушылармен қарым-қатынасқа ерекше мән береді: «Мұнда тек техникалық маман ғана емес, сонымен қатар нәзік психолог болу маңызды. Адамдар әртүрлі әрекет етеді: кейбіреуі түсінеді, кейбіреуі агрессивті. Барлығының тілін таба білу керек, ұзақ әңгімелер мен қиын жағдайларға дайын болу керек».
Константин жас әріптестеріне өзінің негізгі кеңестерін нақты тұжырымдайды: «Энергетикада еңбек жолын бастайтындар үшін мен оларға қауіпсіздік ережелерін бір сәтке де естен шығармауға және үнемі үйренуге кеңес беремін. Біздің жұмысымызда тек бір рет қателесуге болады. Біз сапер сияқтымыз: адамдардың өмірі мен жабдықтың қауіпсіздігі біздің назарымызға байланысты».
Константин Малеев — энергиямен жабдықтаудың тұрақтылығын қамтамасыз ететін және адал тұтынушылардың мүдделерін қорғайтын адамдардың бірі. Оның жұмысы-энергетиканың абсалютті кәсіби жауапкершілікті талап ететіндігінің айқын дәлелі болып табылады.
Мұнда үздік энергетиктер жұмыс істейді!