Кешке жылу үйге келгенде, "Жұмысшы кенті" №6 жылу пунктында Марианна Станилевич ауысымын аяқтап жатқанын, біліңіз. Міне осы 13жыл ол-сорғы қондырғыларының машинисі, оның жұмысы қала тұрғындарына көрінбейді, бірақ әрқайсымыз сезінеміз.
Оның жұмыс күні- бұл нақты ырғақ және толық жауапкершілік.Таңертеңгі сағат 8-ден бастап ауысымды қабылдау, журналдарды оқу, жабдықтарды аралап-тексеру. «Физикалық қиын-деп, Марианна бөлісті—мыңдаған пәтерлердегі жылу сенің жұмысыңа байланысты екенін білгенде, күш-қайрат табылады. Біздің қолымыздан келеді».
Бұл қарапайым сөздердің артында-күнделікті жұмыс: бекіткіш арматураны басқару, параметрлерді бақылау және сорғыларды іске қосу және тоқтату. Оның кәсібилігі-тіпті ең қатты аязда да біздің үйлердегі батареялар ыстық болып қалатынының кепілі. Марианна үшін энергетика —жұмыстан да артық. Бұл отбасылық әулет: оған дейін кәсіпорында қайыненесі мен қайынағасы еңбек етті. Ал оның жеке жолы-кәсіпорынның корпоративтік мәдениетінің ең жаңа үлгісі.
Жабдықтау бөліміне қоймашы болып келдім, алайда тағдыр басқаша шешілді. Тораптық ауданға ауысу оның өмірін түбегейлі өзгертті. Кәсіпорынның қолдауының арқасында ол жоғары білім алып, дипломды инженер- жылу техник болды.
«Менің тәлімгерлермен жолым болды деп,— Нине Визнер және Алексей Хоменко туралы Марианна жылы лебізін білдірды. —Олар тек жұмыста ғана емес, оқуда және өмірде де мені қолдады. Мен диплом алғанда, олардың қуаныштары жақын туыстардың қуанышындай шынайы болды».
Оның жаңа ұрпақтарға берген кеңесі стереотиптерге қарсылық сияқты: «Еңбектен қорықпаңдар және жұмыс мамандықтарынан ұяламаңдар. Бұл құрметті және маңызды. Біздің бүкіл қаланың өмірі мен әл-ауқатына жауаптымыз. Бұл нақты нәтиже беретін жұмыс».
Ауысымнан кейін де әріптесіміздің энергиясы таусылмайды. Марианна қазірдің өзінде ағылшын және қазақ тілдерінде еркін сөйлей отырып, итальян, португал және поляқ тілдерін оқиды. Жаңа білімге деген бұл құштарлық оны заманауи маман, мақсатқа бағытталған, жан-жақты және үнемі дамып келе жатқан маман ретінде сипаттайды.
Марианна Станилевич —жылу желісінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін, адам.Кәсіби маман, әулеттің ізбасары, мақсатты тұлға-мұндай қызметкерлер өз кәсіпорнының шынайы тірегі және мақтанышы болып табылады.


