Марина Попова энергетика саласында 2005 жылдан бастап жұмыс істейді. «Жан-жақты дамып, жаңа кәсіпті меңгеріп көруді жөн санадым, оның үстіне компания туралы пікірлер де өте жақсы болды», - деп еске алады әріптесіміз. 21 жылдық еңбек өтілінде Марина кәсіби өсу жолынан өтіп, бүгінде «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ Төлемдерді жедел басқару бөлімінің бастығы лауазымын атқарады.

Әріптесіміз электр энергиясы қызметтерін өткізуден түскен қаражатты жинау бойынша ақпарат ұсынады, тұтынушыларға кеңес береді, қызмет берушілер үшін қабылданған төлемдер бойынша деректердің жіберілуін бақылайды және жиынтық есептер дайындайды. Жұмыста оны көрінетін нәтиже, әсіресе жаңа міндеттерді сәтті жүзеге асыра алған кезде шабыттандырады. «Ұжымдағы ең маңызды нәрсе – достық қарым-қатынас пен өзара көмек. Әртүрлі жағдайлар болады, бәріміз әртүрліміз, бірақ ең бастысы – адами қасиеттерді сақтап, бір-бірімізге түсіністікпен қарау», - деп есептейді Марина.

Даму, адамдарды тыңдай білу және күрделі сынақтардан қорықпау – оның басты кәсіби қағидалары. Жұмысты жаңа бастаған әріптестеріне маман мынадай кеңес береді: «Әрдайым жаңа нәрсені танып-біліңіздер, өз күштеріңізге сенімді болыңыздар және өз жетістіктеріңізді мақтан тұтыңыздар». Марина Попова өзінің адал еңбегімен, жанашырлығымен және іске деген жауапты көзқарасымен ең үздік энергетиктердің осында жұмыс істейтінін дәлелдеп келеді!