Кәсіби жолды таңдау жиі батыл студенттік қадамдардан басталады. Осылайша, колледжді бітіре сала, бір топ өршіл түлек Петропавл 2-ЖЭО-ға жұмысқа орналасты., Солардың қатарында Мерей Қосманов та бар еді, ол үшін осыдан 10 жыл бұрын сол күн үлкен еңбек жолының бастауына айналды.

Бүгінде әріптесіміз өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелері жөніндегі инженер лауазымын атқарады. Оның міндеттеріне: электр өлшеуіш құралдарының жай-күйі мен дұрыс қолданылуын бақылау, бекітілген жабдықтарды пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, жүйедегі іркілістер мен бұзылулардың себептерін зерттеу, сондай-ақ оларды жою және алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлеу кіреді.

«Станцияда әртүрлі жабдық орнатылған. Маған оның құрылымын түсініп, дәл жұмыс істеуі үшін баптау ұнайды – бұл шынайы кәсіби қуаныш сыйлайды», — дейді Мерей.
Алайда сенімділіктің кепілі тек күрделі техникада ғана емес, сонымен бірге ұжымның ауызбіршілігінде де жатыр. «Біздің басқару жүйелеріміз аралас цехтардың жабдықтарымен тығыз байланысты, сондықтан бізде байланыс жақсы жолға қойылған және біз бірлесіп жұмыс істейміз», — деп, инженер, заманауи энергетиктің басты қасиеттерін: жауапкершілік, еңбекқорлық және әріптестерге деген жанашырлықты ерекше атап өтіп.


Мерейдің жігерлі мінезі компанияның корпоративтік өмірінде де айқын көрінеді. Ол мерекелік іс-шараларға тұрақты түрде қатысып тұрады, сонымен қатар «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобының футбол құрамасында өнер көрсетеді. «Мен белсенді өмір салтын ұстанамын. Өзің жұмыс істейтін кәсіпорынның дамуына үлес қосу қажет деп санаймын. Және, әрине, жарыстарда компанияның намысын қорғағанда ерекше мақтаныш сезімін сезінемін», — дейді әріптесіміз. Бір маманның бойында техникалық құштарлықты, сүйікті ісіне деген адалдықты және командалық рухты біріктіре отырып, біз нық сеніммен айта аламыз: ең үздік энергетиктер осында жұмыс істейді!