Күрделікті электр жабдықтары мен футбол матчының ортақтығы қандай? Керемет сабырлылық! Міне, біздің кейіпкеріміз- Петропавл 2-ЖЭО бу турбиналар машинисі- Михаил Фраш өз жұмысының іргетасын қалаған қағидасы осы. Михаил үшін сыни сәттерде сабыр сақтап, нұсқауларды бұлжытпай орындау- бұл жай ғана емес, кепілдік! Өйткені, осындай тәсіл ғана апаттардың алдын алып, қаланы жылумен және энергиямен үздіксіз қамтамасыз ете алады.
Михаил колледжде оқып жүргенде өз таңдауын жасады. 2015 жылдан бастап оқуды аяқтаған соң бірден 2-ЖЭО-да жұмыс істейді. «Колледжде оқып жүргенде Петропавл 2-ЖЭО-да болдым, содан кейін кәсіпорында жұмыс істеу турал ұсыныс түсті.Содан бері менің еңбек жолым энергетика саласымен тығыз байланысты» –деп, ол өзінің еңбек жолын бастаған кезін есіне алды.
Қазіргі таңда Михаил кәсіпорынның жүрегіне жауап береді: жылу және электр энергиясын өндіретін, турбиналық жабдықты іске қосады, өшіреді және қызмет көрсетеді.Оның жұмысы абсалютті дәлдік пен мұқтияттылықты талап етеді, сондықтан оның жеке ұраны: «Мен үшін өз міндеттерімді мінсіз, ескертулерсіз орындау маңызды».
Әріптесіміз энергетика саласындағы табысқа жалғыз қол жеткізу мүмкін емес екеніне сенімді. Ол әрқашан жақсы үйлестірілген командалық жұмысты қажет етеді.Сондықтан жас ұрпақты қолдап, үйретуге қашанда дайын. Ол жаңадан келген қызметкерлерге нақты кеңес береді: «Мен жас мамандарға мұндай кәсіпорындарға келуден қорықпауға кеңес беремін. Үйрену, тәжірибелі әріптестерді тыңдау және үнемі практикалық тәжірибе жинақтау маңызды».
Мұндай берілгендік елеусіз қалмайды. Кәсіби үлесі мен жетістіктері үшін Михаил Фраш «ОАЭК» АҚ-нық Құрмет грамотасымен марапатталды.Бірақ ол жай ғана өндіріс шебері емес! Әріптесіміз жұмыстан тыс уақытында- құмар спортшы, әсіресе футболға әуес, мергетік болу-қай істе қайратты, төзімді болу деген сөз екенін дәлелдеп, спорттық шараларда кәсіпорын намысын үнемі қорғап жүр.
Михаил Фраш –тек турбина машинисі ғана емес. Жеке жауапкершілігі, мінсіз болуға ұмтылысы және командалық жұмысы күн сайын мыңдаған қалалық пәтерлерде жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін адам. Ол: «Мұнда үздік энергетиктер жұмыс істейді!» -деп, мақтанышпен айтанынымыздың жарқын мысалы.


