Әуе желілер қызметі электр энергиясын үздіксіз беруді қамтамасыз ететін, облысымыздың энергиямен жабдықтау жүйесіндегі ең маңызды буын. Осы қызметтің мамандары тіректерді ауыстыруды, сымдарды тартуды және апаттық жағдайларды жоюды қоса алғанда, элктр беру желілерін диагностикалау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырады.

Надияр Құнанбаев, тәжірибелі электромонтёр, атап айтты: Біздің жұмыста «ауа райының қолайсыздығы» ұғымы жоқ. Қырықградустық ыстық немесе сібір аязы болсын- жұмыс мерзімінде орындалуы керек. Мыңдаған тұтынушыларды энергиямен жабдықтаудың тұрақтылығы осыған байланысты».

«Бастапқыда техникамен жұмыс істеу және еңбегіңнің нақты нәтижесін көру мүмкіндігі мені қызықтырды - деп,Надияр ойымен бөлісті. -Алайда, уақыт өте келе біздің мамандықтың толық тереңдігі мен мен маңыздылығын түсіну пайда болды. Бұл жай ғана дене еңбегі емес-бұл техникалық білімнің, нақты есептеулердің және командалық бірігудің жиынтығы».«Мұнда ең үздік энергетиктер жұмыс істейді. Ал мен үшін жұмыс сапасының басты көрсеткіші-тұтынушыларды электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету - деп,Надияр қорытындылайды. -Күрделі жөндеуден кейін үйлерде шамдар жанғанын көргенде, бұл кез-келген энергетик үшін ең жақсы сыйлық».

Әуе желісінің электромонтёрі мамандығы тек араный білім мен дағдыларды ғана емес, сонымен қатар ерекше жауапкершілік сезімін, төзімділікті және төтенше жағдайларда жұмыс істеуге дайындығын талап етеді. Облысымыздағы энергетикалық жүйенің сенімдлігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін, Надияр Құнанбаев секілді мамандар.

Әуе желісінің электромонтёрінің жұмысында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаудың маңызы ерекше. «Біздің әрбір әрекетеміз тексеріліп, ойластырылуы керек - деп маман атап өтті. - Біз өз өміріміз үшін ғана емес, жалпы энергетикалық жүйенің сенімділігі үшін де жауаптымыз».

Надияр Құнанбаевтың кәсіби жетістіктері бірқатар марапаттармен атап өтілді:
- "Ерен еңбегі үшін" медалі (2024) су тасқыны кезеңінде қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін
- «ОАЭК» АҚ кәсіби жарыстарында бригаданың бірінші орыны және «Үздік электромонтёр» атағы
-Қырғызстанда өткен энергетиктардың халықаралық сайыстарындағы күміс медалі.