«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО химия цехының химиялық талдау зертханашысы.

Наталья Калмыкова — үлкен тәжірибесі бар маман.

Ол Петропавл ЖЭО химия цехында 18 жыл еңбек етіп келеді. Оның жұмысы станцияның су-химиялық режимін қадағалау болып табылады, себебі судың сапалық құрамы станцияның негізгі технологиялық жабдықтарының сенімді жұмысына тікелей әсер етеді.

«Менің жұмыс күнім ауысымды қабылдаудан, ведомостар мен жедел журналдарды зерделеуден басталады. Талдаулар кесте бойынша жасалады.

Біз қазандық және турбина цехтарынан су үлгілерін өзіміз аламыз да талдау жүргіземіз. Кейін зертханада судың кермектігін, тұз мөлшерін және басқа да көрсеткіштерді анықтаймыз», — дейді Наталья.

Ол өз мамандығын кездейсоқ таңдаған жоқ. Натальяға заттардың құрамын зерттеу, талдау жасау және химиялық процестерді түсіну ұнайды. Ол бұл қызығушылығын энергетика саласымен байланыстыра білді. Біздің әріптесіміз отбасында бұл кәсіп жолын бірінші болып таңдады, ал станцияда өз жарын жолықтырды.

Оларды нақты әрі жүйелі процестерге деген сүйіспеншілік біріктіреді, өйткені химия да, энергетика да егжей-дегжейге мұқият болуды және нұсқаулықтарды орындауды талап етеді.

«Цехтар арасында өзара түсіністіктің болғаны өте жақсы, өйткені менің жұмысым — қауіпсіздікті бақылау. Нәтиже дәл болуы үшін бәрін әдістеме бойынша жасау маңызды. Станцияның су-химиялық режимінде ауытқулар анықталған кезде қиын болады, ондайда талдауларды қайта-қайта жасауға тура келеді», — деп бөліседі Наталья.