2001 жылдан бастап инженер Наталья Воробьёва «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ Қалалық электр желілері басқармасында еңбек етіп келеді.«Мен ҚЭЖБ-ны таңдадым, өйткені мұнда дамуға, тәжірибе жинақтауға және жақсы ұжымда жұмыс істеуге мүмкіндік бар. Біздің жұмысымыздың адамдарға пайда әкелетіні маған ұнайды, себебі бүгінгі таңда электр жарығысыз күнделікті өмірді елестету мүмкін емес», - деп бөлісті әріптесіміз.

Бүгінде Натальяның міндеттеріне заңды тұлғалардың электр энергиясын тұтынуын бөлуді бақылау және талдау, есепке алу аспаптарының көрсеткіштерімен жұмыс істеу, электр энергиясын тұтыну шығынын қайта есептеуді орындау, сондай-ақ бөлу тобының қызметкерлерін оқыту және туындаған мәселелер бойынша тұтынушылармен өзара іс-қимыл жасау кіреді. Ол жауапкершілікті, кәсібилікті және ұқыптылықты ҚЭЖБ маманы үшін ең басты қасиеттер деп санайды.

Әріптесіміз жас мамандарға: «Қиындықтардан қорықпаңыздар, үлкен тәлімгерлерден үйреніңіздер және өз ісіңізге жан-тәніңізбен қараңыздар. Өйткені кәсібилік жылдармен келеді, ал біздің еңбегіміз адамдарға әрқашан қажет», - деп кеңес береді.Наталья Воробьёваның тәжірибесі, дамуға деген ұмтылысы және өз кәсібіне адалдығы ең үздік энергетиктер осында жұмыс істейтінін дәлелдейді!