«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ ҚЭСБ қала бойынша 10-0,4 кВ әуе желісі қызметінің шебері Назар Султанов энергетика саласында 13 жылдан астам жүмыс істейді.Назардың жауапершілігіне өзіне бекітілген учаскеде желілерге қызмет көрсету, ұзақ мерзімді жөндеу жұмыстарын жоспарлау, оларды жүргізу кестелерін құру кіреді. Сондай-ақ Назар мамандармен электр желілерін тексеру және қарауды ұйымдастырады, ақаулар актілерін ресімдейді, техникалық пайдалану ережелерінен ауытқуларды анықтайды, оларды түзетуді ұйымдастырады және техникалық бұзушылықтарды және апаттарды жоюға қатысады.

«Ең бастысы-барлық жұмыс түрлері кезінде қауіпсіздік техника ережелерін қатаң және бұлжытпай сақтау. Бұл біздің мамандығымыздың негізі және бригада үшін де, тұтынушылар үшін де қауіпсіздіктің басты негізі», - дейді Назар.

Ауа-райы жағдайлары көбінесе ең қиын мәселе болып табылады. Әуе желілеріндегі жұмыс жаңбырда, аязда және ыстықта тоқтамайды.Кейде апатты жою ең қатал жағдайларда жүргізіледі.

«Ең қанағаттанарлық сәт-электр желісіндегі ақауды жөндегеннен кейін, адамдардың үйлеріндегі шамдардың қайта жанғанын көру. Сол кезде біздің жұмысымыздың маңыздылығы мен құндылығын түсінесің. Менің сүйікті емес міндеттерім жоқ- — әрбір жұмыс қажет және маңызды», - дейді Назар.

Әріптесіміз мойындағандай, оның мансабындағы ең жарқын естелік-қала бойынша ӘЖ 10-0,4 кВ қызметіне орналасып, үлкен энергетика саласындағы еңбек жолын бастаған күн. Назар мектептен бастап электр техникасына арналған физика бөлімін ұнатқан, сондықтан оның мамандық таңдауы саналы түрде болды. Бұл қызығушылыққа ешкім оны бауламаған: Назардың отбасында ол жалғыз энергетик. Назар жас әріптестеріне мамандықты жүрек қалауымен таңдауды ұсынады.

«Энергетикаға жұмысқа жаңа келгендерге менің басты кеңесім- аға әріптестерден үнемі практикалық тәжірибе жинау және ешқашан, ешқандай жағдайда қауіпсіздік шараларын елемеуге болмайды. Бұл өмір мен денсаулықты сақтайды, сондай-ақ жұмысты ұзақ жылдар бойы сапалы орындауға мүкіндік береді» - деп, Назар кеңес береді.

Біз Назар Султанов секілді қызметкерлердің кәсібилігі мен адалдығын бағалаймыз, оның күнделікті жұмысы тұтынушыларды сенімді электр қуатымен жабдықтауды қамтамасыз етеді және біз сенімді түрде айта аламыз: мұнда үздік энергетиктер жұмыс істейді!