«Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ Қалалық электр желілері басқармасы қала бойынша кабель желілері қызметінің аға шебері Никита Лавров Петропавл қаласын үздіксіз энергиямен жабдықтап жүргеніне 11 жыл болды.
Энергетика саласындағы жолын Никита электромонтер лауазымынан бастады, ағаларына қарап ол да осы мамандықты таңдады. Қазіргі уақытта ол жай ғана маман емес – ол өз ісінің шебері, ол мыңдаған адамдарды жайлылық және қауіпсіздікпен қамтамасыз етеді.
«Мені біздің ұжымымыздың бірлігі қуантады. Жұмыс маған қиын емес көрінеді, бірақ өткен жылы мен үшін қиын жылдардың бірі болды. Біз көктемгі су тасқынының салдарын жойдық - бұзылған электр тарату желілерін қалпына келтірдік, катер және суда ұстайтын понтондарда жұмыс жасадық. Бұл кез әркімнің қиын жағдайда жұмылып жұмыс жасау бойынша мүмкіндіктерін көрсетті», – деп Никита су тасқындағы жұмысты еске алады.
Никита Лавров – өз ісіне беріліп жұмыс жасаудың үлгісі. Аумақтағы электрэнергетикалық саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін ол 2024 жылы «Кәсіпорынның үздік жұмыскері» атағына ие болды. Ол өз міндеттерін жоғары жауапкершілікпен орындауымен қатар жас мамандармен кәсіби білімі және энергетикаға деген шынайы махаббатымен және үлкен тәжірибесімен бөліседі. «Мұнда үздік энергетиктер жұмыс істейді», - деп мойындайды Никита Лавров.


