Петропавл 2 ЖЭО қазан шеберханасының жөндеу бойынша инженері Николай Андрющенконың жұмыс күні жоспар құру, бақылау және практика негізінде жұмыс жасау кезеңдерінен тұрады. Ауысымы таңғы баяндау және шеберхана бастығымен міндеттерді келісуден басталады.

«Ең алдымен маңыздылыгы мен күрделілігі бойынша міндет қоямын, бірақ жоспар ойдағыдай болмай қалады. Өндіріс ірі, және күн барысында басты міндеттер де өзгеріп тұрады. Жұмыстың бірінші бөлігі «далада» өтеді: бұзылулардың ақауларын іздеп табу, мердігермен жұмыс жасау, қажетті материалдарды есептеу. Түстен кейін есеп беру кезеңі бсталады. Бұзылулар туралы материалдар кестеге енгізіледі, бірақ шеберханадан жылдам жету туралы хабар келіп қалуға мүмкін», – дейді әріптесіміз.

Қазан шеберханасының жөндеу бойынша инженерінің міндеттері жететін: жабдықтардың техникалық жағдайын тексеру, бұзылуларға диагноз қою, жөндеу, қазан агрегаттар жұмысының параметрлеріне бақылау. Николай үшін ең маңыздысы, ол жоспарды орындау және барлық қойылған міндеттерді жасап үлгеру. Басымдықтарды анықтай білу –тәжірибемен келетін қасиет .

«Жұмыста ең жақсы көретін орным - әрине шеберханам. Ол мен үшін екінші үй болып кетті. Бұл жерде білмейтінім жоқ. Әрине қиындықтар болады, бірақ оларды шешуге тырысамын», – дейді Николай.

Николай өз командасын жоғары бағалайды, барлық нәрсені білу мүмкін емес, әріптестерім әрқашан көмек көрсетуге, ақылмен бөлісуге дайын. Ал ол үшін Петропавл 2 ЖЭО жұмыс жылдарында 2025 жылғы жөндеу кампаниясы ең жарқын оқиғаларының бірі болды.  

«Жөндеу кампаниясы – ең күрделі және ең қызық кезең, сен толығымен күрделі жөндеуге кірісіп кетесің. Ақауларды анықтау, бақылау және жасалған жұмыстарды қабылдау – бұл менің стихиям, осындай режимде жұмыс жасауды ұнатамын», – дейді Николай.

Жас мамандарға айтарым: өзіңе ұнайтын жұмысқа бару. Ал жұмысты бастау және бағасы жоғары тәжірибе алу үшін «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ компаниясына келуге ұсынамын.

«Энергетик болғыңыз келсе, онда бізге келіңіз! Үздік энергетиктер осында жұмыс жасайды!», –  дейді Николай.