Николай Кузнецов Петропавл 2ЖЭО-нда жылу автоматика және өлшеу шеберханасында бақылау-өлшеу аспаптары бойынша инженер болып жұмыс жасайды. Оның жұмыс күні —сенімді қозғалыс, аспаптар және қала үйлеріндегі жылуы мен жарықтың болуы мен стансаның тұрақты жұмысы оның жұмысына тәуелді болуын естен шығармау.

Николайдың Петропавл 2ЖЭО жұмыс жолы 15 жыл бұрын жылу-көліктік шеберханадан басталды, ол кезде ол газэлектродәнекершісі болып жұмыс жасады. Сол уақытта отбасында сәби дүниеге келер уақыты, сондықтан ол кәсіпорынға тұрақтылқ іздеп келді және бұл жерден кете алмады, өйткені осы жұмыс оны қызықтырды.

«Кәсіпорын қабырғасының әр жағында не бар болғаны мені қызықтырды. Алып агрегаттар қалай жұмыс жасайды деген сұрақтар туатын?» — деп Николай еске алады. Ол солай сырттан қарап жүрер еді, бірақ ол басқасын таңдады: ОТИ-тегі әріптестер тетіктер мен автоматикамен айналысатынын білді және оқуға шешім қабылдады.

Жылдам лауазымда өсетінін күткен жоқ. ӨТИ-ге электрослесір лауазымына ауысты, жасы үлкен әріптестерінен тәжірибе алды, разрядқа тапсырды. Уақыт өте келе өзі де жастармен тәжірибе бөлісе бастады. Жаңа жауапкершілік уақыты келді — қазіргі уақытта ол инженер.

«Менің міндетім — барлық жабдықтар, ысырмалар, тетіктер, реттегіштердің жақсы жұмыс жасауы. Бірдеңе сынса жұмыссыз тұрып қалмасын деп ақауды тез табу және жөндеу.».

Николай қиындықтар жоқ — жылдам орындау керек міндеттер бар деп санайды. ЖЭО-ның алып механизмі менің еңбегім арқылы жұмыс жасап жатқан деген сезімім мен үшін өте бағалы.

«Жастар қорықпасын, ең бастысы білім алу, қиындықтар алдында тұрып қалмау- дейді ол. - Барлықтарымыз ештеңе білмей келгенбіз – Әркімде қателіктер болады. Тырыссан қолыңнан барлығы келеді».

Жұмыстан тыс уақытында Николай ауыр атлетикамен айналысады. Оның басты тірегі — оның отбасы, сол отбасы үшін ол ЖЭО аумағына келіп, маңызды қадам жасады және өз өмірінің ісін тапты.