«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы Николай Максимов мамандықтағы жолын мектеп қабырғасында оқып жүрген кезде жаратылыстану пәніне қызығып, бастады. Қазіргі таңда ол тек экологиялық қауіпсіздікке ғана жауап бермейді, сонымен қатар әріптестерді табиғатқа ұқыпты қарауға шақырады.

Николайдың басшылығымен оның бөлімшесі атмосфераға шығарындыларды, сарқынды суларды ағызуды, қалдықтарды жоюды бақылайды, сондай-ақ Петропавл 2-ЖЭО-дағы ауаның, топырақтың және судың жағдайына мониторинг жүргізеді. Бұдан басқа, қадағалау органдары үшін есептердің дайындалуына жетекшілік етеді және қоршаған ортаға әсерін барынша азайтатын, заманауи технологияларды енгізеді.

«Эколог далалық зерттеулермен, зертханалық талдаулармен, жобалық жұмыстармен немесе кеңестермен айналыса алады. Бірақ ең бастысы -сіздің жұмысыңыз табиғатты сақтауға көмектесетінін, түсіну» – деп, Николай айтты.

Николайдың мансабындағы айтулы оқиғалардың бірі «СЕВКАЗЭНЕРГО» компаниясының ауқымды жобасы-жаңа түтін мұржасының құрылысы болды. Тұжырымдаманы әзірлеуден бастап маусым айында өнеркәсіптік тәжірибелік іске қосуға дейін – бұл жол үйлесімді командалық жұмыс пен мінсіз кәсібилікті талап етеді.

«Энергетика саласында бір орында тұруға болмайды, әрдайым оқу, тәлімгерлерді іздеу және жаңа технологияларды меңгеру керек. Тек осылай ғана біз әлемді таза ете аламыз» – деп, Николай сенімді.

Николай Максимов кәсіби жетістіктермен қатар спортта да жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Ол футбол, дәлірек айтсақ-қақпашы рөліне құмар. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ командасы құрамында «ОАЭК» АҚ спартакиадасына үш ретқатысты, ал 2024 және 2025 жылдарда шағын-футбол бойынша үздік қақпашы болып танылды.

Мұнда үздік энергетиктар жұмыс істейді!