1999 жылы Павел Запорощенко жеделәскери қызметті өтегеннен кейін жабдықты жөндеу жөніндегі электр слесарьдің оқушысының мансабын бастауға, кәсіпорынға келді. Ол отбасылық дәстүрді жалғастырды: оның әкесі Павел Григорьевич Запорощенко, зейнетке шыққанға дейін осы кәсіпорында жұмыс істеді. Алайда мамандық таңдау тек әкесінің үлгісімен ғана емес.
«Балалық шақтан бастап механика қызықтырды – деп, Павел еске алады. –Мопедтердің, мотоциклдердің, автомобильдрдің құрылғысын бөлшектеуді жақсы көретінмін. Жоғары вольтты жабдық – бұл күрделімеханизмдер, электр және механикалық компоненттерден біріктірілген. Мұнда білім мен дағдыларды қолдану мүмкіндігі бар».
Қазіргі таңда Павелқосалқы стансалар қызметін басқарады,жауапкершілігіне жоғары вольтты жабдықты күрделі жөндеу, қосалқы стансаларды қайта құру және жаңғырту, апатты-қалпына келтіру жұмыстары, қуаттытрансформаторларды ауыстыру және жөндеукіреді.
«Жөндеу жұмыстары жаңа бөлшектерді қолдану арқылы жүргізілгенде және құрылымды қайта құруды қажет етпегенде, жұмыста ең ұнайды – дейді Павел. – Барлығын дәл,сапалы және мерзімде орындау маңызды. Мен ұжымдағы өзара түсіністікті де бағалаймын-бәріміз бір мақсатқа ұмтыламыз: адамдарды тұрақтыжәне сенімді электр қуатымен қамтамасыз ету».
Жұмыс істеген жылдары Павел Запорощенко бірнеше рет түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болды: Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің және Қазақстан Электроэнергетика қауымдастығының Құрмет грамоталарынан бастап «Қазақстан Электроэнергетика қауымдастығының құрметті энергетигі» атағына дейін.
«Энергетика – бұлең жоғары жауапкершілікті, үздіксіз білім алуды және өзгерістерге бейімделуді талап ететін, сала – деп, Павел айтты. – Салаға жас,сауатты және алдына мақсат қойған жастардың келгенін, қалаймын- сонда біз Қазақстаннның энергетика саласының жарқын болашағына сенімді боламыз».Осындай энергетиктердің бірі Павелдің ұлы – Артем Запорощенко болатын шығар, ол «Электрмен жабдықтау» бағыты бойынша Петропавл колледжін тәмамдады және «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ-да жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Жаңа жас маманның қасындаанасы – Оксана Запорощенко да болады,ол жөндеулерді жоспарлау және дайындау бөлімінде жетекшіинженер болып істейді. Ал Оксананың ағалары Сергей мен Юрий Фоминых қосалқы стансада электромонтерқызметін атқарады.

«Мұнда үздікэнергетиктержұмыс істейді!» – сенімді Павел. Ал біз онымен толық келісеміз.