Қаланың өмірлік маңызды импульсін қамтамасыз ететін, «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС-ның үлкен механизмінде негізгі бөлшектер бар-еңбегі жиі «кадрдан тыс» қалатын адамдар. Солардың бірі- жылу желілері жабдығын жөндеу жөніндегі слесарь- Сергей Рогачев. Оның артында 9 жылдық тәжірибе бар, осы уақыт ішінде жас маманнан сенім артуға болатын нағыз маманға айналды.

Сергей энергетика саласындағы еңбек жолын «техник-жылу техник» мамандығы бойынша диплом алып, теміржол колледжін бітіргеннен кейін бірден бастады. Ол — отбасында жалғыз энергетик, және бұл жолды саналы түрде таңдады, кәсіпке деген адалдығын оны жылдар бойы алып жүрді.

Жылу желілері слесарінің жұмысы- бұл мінез бен дененің күшін сынау. Жаңбыр мен қарлы боранда, қатты аязда және жаздың аптап ыстығында басқалар жылылық пен жайлылыққа жасарынғысы келгенде, Сергей мен оның әріптестері жұмысқа шығады. Олардың міндеті- мыңдаған қала тұрғындарының үйлерін жылумен үздіксіз қамтамасыз ету. Бұл күшті, төзімділік пен терең білімді талап ететін, ауыр, бірақ маңызды дене еңбегі.

Бірақ сені сенімді адамдар қоршап алған кезде ең қиын жұмыс оңайырақ болады. Сергей үшін жұмыстағы ең бастысы-ұжым. «Мен көп жылдар бойы бірге болған ұжым ең жаңқсы»-деп, ол сенімді айтты. Өзара көмек, қолдау және команданың бірігуі күнделікті мәселелерді шешілетін міндеттерге айналдырады.

Оның басты шабыт көзі- оның жұмысының орасан зор маңызын түсіну. Ол тек құбырлар мен бекіткіштерді жөндеп қоймайды, адамдарға жылулық сыйлайды. Сөздің тура мағынасында. Оның жұмысының арқасында қала тұрғындарының пәтерлері қыста жайлы әрі жылы, ал балалар жылу бөлмелерде алаңсыз ойнай алады

Ал өмірде жауапты және мақсатты тұлға-Сергейдің асыл арманы бар- өзінің мықты, бақытты отбасын құру. Ал оның күнделікті жұмыста көрсететін сол қасиеттері- сенімділік, табандылық және жүрек жылуы бұл арманның орындалуына көмектесетіні сөзсіз.
Қаламыздағы тұрақытылық пен жылулықты сақтап отырған, дәл Сергей Рогачев сияқты еңбекқор, қарапайым жандар.

Мұнда үздік энергетиктер жұмыс істейді!