Сергей Торлопов, «Петропавл Жылу Желілері» ЖШС жөндеулер басқармасы магистарльдық жолдарды жөндеу жөніндегі учаске шебері, – қаланың жылу желілерінің барлығын білетін, адам. Оның кәсіби жолы 24 жыл бұрын электргазбен дәнекерлеуші лауазымынан басталды, содан бері ол 2024 жылы кәсіпорынның үздік қызметкері болып, учаске шеберіне дейін мансап сатысымен көтерілді. Сергей жылу желілерінде жұмыс істеуге берілген, әкесінің ісін жалғастырды.

«Мен ылғи осы кәсіпорында жұмыс істегім келді-бұл менің арманым еді. Мұнда үздік қызметкерлер жұмыс істейді. Сондықтан мен саналы түрде жылу техник мамандығын таңдадым. Мен де басқалар сияқты төменнен бастадым- электргазбен дәнекерлеуші болып жұмыс істедім, практикада үйрендім» – деп, Сергей есіне алды.

Қазіргі таңда оның басшылығымен жеті маман жұмыс істейді, ол магистральдық жылу желілерін жөндеу және қызмет көрсетуге жауап береді. Сергейдің міндетіне жөндеу жұмыстарын жоспарлау және бақылау, қиын жағдайларда қызметкерлердің әрекетін үйлестіру, объектілерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әсіресе жер қазу жұмыстары кезінде, төтенше жағдайларда шешім қабылдау кіреді.

«Ең қуаныштысы -нәтижені көру және жасалған жұмыс үшін алғыс алу. Ал жер қазу жұмыстары маған аса ұнамайды: бір дұрыс емес қозғалыс- кабельді немесе құбырды зақымдауы мүмкін. Сондықтан мұнда өте мұқият болу керек» – деп, Сергей мойындайды.

Оның пікірінше, жақсы маманның негізгі қасиеттері- бастамшылық, өзіне жауапкершілік ала білу және командада жұмыс істеу.

«Біздің салада әрбір мәселе бойынша жоғарыдан нұсқауларды күтпеу керек. Кейде шешімді бірден қабылдау керек- Петропавл тұрғындарын жылумен үздіксіз қамтамасыз ету осыған байланысты» – деп, ол атап өтті.

Сергей бос уақытында саяжайда жұмыс істеп, табиғат аясына шыққанды ұнатады. Ол үшін бұл жай демалу емес, жаңа еңбек күндеріне қуаттану тәсілі.

Сергей Торлопов – мамандыққа адалдықтың, тәртіп пен көшбасшының үлгісі. Оның тарихы- табысқа жету үшін өз ісін жақсы көру, үнемі даму және қиындықтардан қорықпау керектігін, дәлелдейді.