Вадим Чирков, Петропавл 2-ЖЭО қайта құру және жаңғырту басқармасының жөндеу жөніндегі жетекші инженері.

Вадим Чирков бала кезінен жөндеу және құрылыс саласында жұмыс істеуді армандады, сондықтан Петропавл 2-ЖЭО-да бос орын пайда болғанда, ойланбастан келісті. Вадим — энергетиктер әулетінің жалғастырушысы: оның әкесі, Сергей, электр жабдығын жөндеу жөніндегі шебер болып жұмыс істейді. Өзі Вадим жөндеу жұмыстарын бақылауға, процестерді ұйымдастыруға, мердігерлермен өзара іс-қимылға, жобалық шешімдер мен кестелерді түзетуге, сондай-ақ техникалық және атқарушы құжаттаманы жүргізуге жауапты.

«Мамандығымда шабыттандыратыны, менің қатысуыммен аз болса да, жаңа объектілер пайда болып, ескі жабдықтар екінші өмірге ие болып, станцияның өзінің қызмет ету мерзімін ұзартатыны қуантады" -деп, Вадим Чирков ойымен бөлісті.

Біздің қызметкер үшін жарқын оқиға-№ 1 түтін мұржасы діңінің құрылысы- ескі құрылысты бөлшектеуден бастап жаңаны тұрғызғанға дейін. Вадим үшін бұл үлкен қызықты жоба, оның осы ауқымды процеске күш-жігерінің бір бөлігін қосу маңызды болды. Жасампаздық- инженер үшін жұмыстың ажырамас бөлігі болып табылады.

«Маған бәрінен бұрын жаңаны жасау, адамдармен араласу ұнайды, біздің станциямызда Қазақстаннан да, басқа елдерден де мердігерлер бар. Бұл әрқашан тәжірибемен, пайдалы біліммен алмасу. Олардың келулері менің жұмысыма әртүрлі және жаңа идеялар әкеледі» -деп, Вадим айтты.

Өндірістік процестердің маңызды бөлігі болғанымен, рахат әкелмейтін нәрселер бар.

«Мен үшін жұмыстың ең ұнатпайтын бөлігі, басқалар сияқты, кеңседе үнемі бір орында компьютерде болу, қағазбастылық. Құрылыста немесе өндірісте маңызды сәтті жіберіп алмай, жұмыстың қалың ортасында, объектіде көбірек болғым келеді» -деп, Вадим Чирков мойындайды.

Вадим бос уақытында отбасымен ұзақ сапарға шыққанды және қызымен коньки тепкенді ұнатады. Және де ол жаясайда үй салып жатыр, үлкен рахат әкелетінін, тыныштық беріп қана қоймай, жаңа жетістіктерге шабыт беретінін, айтады.