Валерий Шукаев энергетик мамандығы әрқашан сұранысқа ие, деп санайды. Ал отбасында бұл салады ешкім жұмыс істемесе де Валерий саналы түрде электромонтер мамандығын таңдады.Ол үнемі тәжірибе жинақтау мүмкіндігінің арқасында оның жұмысы ерекше құнды деп санайды.

«Менің басты міндетім- әрине жабдқтың қалыпты жұмыс істеуі. Біздің бөлімше толығымыен әуе электр беру желілеріне қызмет көрсетеді: сымдарды тартамыз, апаттың салдарын жоямыз, жөндеу жұмыстарын жүргіземіз, тіректерді ауыстырамыз»— деп, Валерий айтты.

Биіктікте жұмыс істеу физикалық төзімділікті қажет етеді, өйткені әртүрлі ауа-райында жұмыс істеуге тура келеді: апатапта, аязда, бұрқасында желде немесе суда. Осындай қиын жағдайларда құралмен кәсіби түрде жұмыс істеу ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау өте маңызды. Әуе ЭБЖ электромонтерлары командада жұмыс істейді,сондықтан толық өзара түсіністік пен сенім маңызды, сонымен қатар әрқашан төтенше жағдайларға дайын болу керек.

«Дене белсенділігіне үйренуге болады, дейді Валерий, - ал тұтынушылар әртүрлі. Сабырлы және кәсіби бола отырып, адамдармен ортақ тіл таба білу және күрделі құбылыстарды қарапайым тілмен түсіндіру маңызды».

Энергетика үнемі дамып отырады, сондықтан әріптесіміз жас мамандарға уақыт көшінен қалмауға, сұрақ қоюдан қорықпауға және әрқашан мамандықтағы жаңалықтарға қызығушылық танытуға кеңес береді. Валерийдің еңбек жолындағы жарқын оқиға Қызылжар АЭС аумағында өткен «ОАЭК» АҚ жедел-жөндеу қызметкерлерінің кәсіби жарысы. Биылғы жылы құрамында Валерий бар «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ бригадасы, бірінші орынды иеленді. Ал Қырғызстанда өткен халықаралық жарыстардан біздің энергетиктеріміз «күміс» алып қайтты. Мұнда үздік энергетиктер жұмыс істейді!