Көптеген адамдарға артқа қарап өз ісінің нәтижесін көру керек. Осындай мамандардың бірі– Виктор Фаузель, Петропавл қ. 2ЖЭО қазандық шеберханасының жөндеу жөніндегі шебері. Ол үшін энергетика саласы– оның еңбегі бір тұтас қала үшін жылу және энергияға айналып жатқанын көру мүмкіндігі. «Мен ешқашан да кеңседе отырғым келген жоқ. Мен жабдықтарды жөндеуді және өз жұмысымның нәтижесін көруді ұнатамын», – дейді Виктор.
Әріптесіміздің әр күні – ол тұрақты қимыл-қозғалыс. Оның қызмет көрсету аумағында күл үіндісі, күл үйіндісіне күл түседі және сонда сақталады. Ол стансадан он километр жерде орналасады. Шебер күн сайын құбырөткізгіштер мен сорғы стансаларын тексеруге шығып тұрады Виктордың еңбек өтілі 35 жыл, бұл жабдықтардың ең басында пайда болайын деп жатқан кемшіліктерді бірден тануға мүмкіндік беретін өте үлкен тәжірибесі. Виктордың болуға мүмкін бұзылуларды алдын ала анықтау қабілеті тура орыннан өздігінен шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Алыстан жұмыс жасау және жоғары жауапкершілік - ішкі қорының ерекше толық болуын талап етеді. Бос уақытында Виктор саяжайда жұмыс жасайды және демалады. Табиғаттан күш алып, ол қайтадан өзінің жеңіл емес міндеттерін орындайды. Әріптесіміз экологиялық қауіпсіздік және су қорларын қорғау үшін жаңғырту бағдарламасы бойынша екінші күл үйіндісінің үшінші секциясын құру жұмысын өзі үшін ерекше сәті деп санайды. Мықты имараттың жаңартылуына қатысу – энергетик үшін кәсіби қанағаттану.
Виктор жас мамандарға шынайы ақыл береді: «Қиыншылықтардан қорықпаңдар. Бұл өте қажетті және құрметті кәсіп». Ол үшін ең жоғары марапат, ол жабдықтардың тұрақты жұмыс жасауы мен еңбегінің нәтижесінде қаламыз жайлы-жақсы өмір сүріп жатқаны. Виктор Фаузельдің тарихы – ол дұрыс таңдаған өмір жолы мен шеберлігі туралы оқиғасы. Виктор сияқты өзінің кәсібіне жан беретін, тәжірибелі және сенімді адамдар күн сайын үздік энергетиктер осында жұмыс жасайтынын дәледеп жатады.

