"Солтүстік Қазақстан ЭТК" АҚ қала бойынша 10-0,4 кВ әуе желілер қызметінің шебері- Виктор Пархоцюк жұмысы көбінесе "сахна артында" қалатын мамандардың бірі. Үйлерде жарық болғанда, оның жұмысы туралы ойлайтындар аз. Егер апат орын алса, оның бригадасының келісілген әрекеттері мыңдаған қала тұрғындарын қалыпты өмір ырғағына тез оралтады
"Энергеткаға саналы түрде келдім. —Колледж және әскери қызметтен кейін электромонтер лауазымынан бастадым.
Қазір әуе желілері учаскесіне жауап беремін — бұл ұдайы бақылау, алдын-алу, әрине, кез-келген ақауларды жедел жою"-деп Виктор айтып берді.
Оның жұмыс күндері — бұл өткен трасса километрлары, он шақты тексерілген тіректер, уақтылы анықталған және жойылған ықтимал проблемалар. "Ең маңыздысы — апат орын алғанға дейін ескерту" — деп, шебер түсіндірді. —Сондықтан біз сырттан бәрі жақсы болып көрінсе де, жабдықтың жай-күйін әрдайым бақылаймыз".
Жас мамандарды даярлауға ерекше көңіл бөлінеді. "Энергетика немқұрайдылықты кешірмейді -деп, Виктор айтты. —Мен әрқашан жаңадан келгендерге түсіндіремін: мұнда маңызды ұсақ-түйектер жоқ. Адамдардың өмірі сенің зейінділігің мен жауапкершілігіңе байланысты".
Жұмыстағы ең қиын сәттер туралы сұрағанда, әріптесіміз 2024 жылдың су тасқынын есіне алады: "Төтенше жағдайда жұмыс істедік, бірақ электрмен жабдықтауды тез қалпына келтірдік. Мұнда үздік энергетиктер жұмыс істейді. Дәл осындай сәттерде біздің мамандықтың маңыздылығы ерекше екенін, түсінеміз".
Виктор бос уақытында белсенді демалысты жақсы көреді —спортпен айналысқанды және гитарада ойнағанды. "Басқаға көңіл аударуға көмектеседі—деп ол күлімсірейді. — Демалыс күндері болса да, менің назарымның бір бөлігі әрқашан жұмыста болады, біз 24/7 байланыстамыз".
Виктор Пархоцюкатың тарихы — күнделікті кәсіби жұмыстың үлкен сөзсіз және көрнекі ерліксіз, шын мәнінде адамдардың өмірін жайлы әрі қауіпсіз ететінінің мысалы. Дәл осы мамандар-бүгінгі күннің нағыз "көрінбейтін батырлары".