«Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС жөндеулер басқармасының жылу оқшаулағышындағы оқшаулағыш
Виталий Гафаров «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС-да 15 жыл еңбек етеді және қалада жылу энергиясын қалай сақтау керектігін жақсы біледі. Оқшаулағыш- бұл жәй жұмысшы емес, «жылу қорғағыш» - маманы.Оның негізгі міндеті-жылу жолында сенімді тосқауыл жасау және оның құбырдан жерге кетуіне жол бермеу.

«Менің міндеттеріме тек оқшаулағыш материалмен жұмыс істеу ғана емес, сонымен қатар күштердің дұрыс бөлінуі және зақымды оңай, жылдам және тиімді түрде қалпына келтіруге болатындай етіп, жұмысты ұйымдастыру кіреді. Әрине, біздің жұмысымыздағы ең маңызды нәрсе-адамдардың жылусыз қалмауын қамтамасыз ету» –деп, Виталий Гафаров айтады.

Оқшаулағыштар- ерекше мінезді адамдар. Олар үшін жаман ауа райы болмайды. Қақаған аяз, жаздың ыстық аптабы және қатты жел-жұмысты кейінге қалдыруға себеп емес. Керісінше, дәл ауа райының қолайсыздығында олардың жұмысы өте маңызды бола бастайды. Көшеден жылуға асығып жатсақ, оқшаулағыштар оны біз үшін сақтайды.

«Біздің жұмысымызда қиындықсыз болмайды. Қиын ауа райы жағдайында құбыр участогін сапалы оқшаулауға тырысқанда, барлық күшіңді жұмсайсың. Біздің аймағымыздағы жыл мезгілдері кейде адамдарға ғана емес, трассаға да қатал. Дегенмен, дәл осы нәрсе ынталандырады, мұндай сәттерде құмарлық басым болады: жабдықты басақара алуға бола ма немесе жоқ. Әрине, жеңіс жылу энергетиктер жағында»— деп, Виталий күлімсірейді.