Владимир Белобровенко –28 -жылдық өтілі бар «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ жөндеу цехының аңыз адамы. Оның кәсіби еңбек жолы студенттік жылдардан басталды, 1996 жылы болашақ энергетик сол кәсіпорында өндірістік тәжірибеден өтті. Бір жылдан кейін ол энергия әлеміне толықтай еніп, таптырмас маманға айналды.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ кәсіпорындар тобында жалғыз 6 разрядты газбендәнекерлеуші ретінде Владимир әртүрлі тігістерді дәнекерлеп қана қоймай, әртүрлі материалдардан жасалған бұйымдарды герметикалық байланыстыра алады, сонымен қатар тәжірибелік қорытпалармен жұмыс істей алады.
«Мында, біздің цехта, мен-әмбебап сарбазбын» - деп, Владимир Белобровенко күлімсірейді. «Ұсақ бөлшектерден үлкен құрылымдарға дейін-бәрі менің қолымнан өтеді. Жылыту құбырлары-бұл ерекше жауапкершілік. Өйткені, адамдардың жайлылығы мен қауіпсіздігі дәнекерлеу сапасына байланысты. Бірақ ең үлкен марапат-өз қолыңмен жасаған нәрсенің адамдарға қалай қызмет ететінін көру».
Дәнекерлеуші мамандығының қолайлы емес еңбек жағдайларымен (газ, дене белсенділігі, жету қиын жерлерге шығу) байланысты болуына қарамастан, Владимир Белобровенко өз жұмысын шын жүректен сүйеді.
«Дәнекерлеу- бұл жай ғана қолөнер емес, бұл кәсіп» - деп, Владимир Белобровенко сөзін бекітті. «Әрбір тігіс- техникалық білімді ғана емес, шығармашылық көзқарасты да қажет ететін, шағын өнер туындысы. Мен өз жұмысымды жақсы көремін, өйткені ол маған жаңа нәрсе жасауға, күрделі мәселелерді шешуге және жұмысымның нәтижесін көруге мүмкіндік береді», - дейді біздің әріптесіміз.
Ал, Владимир Белобровенконың таланттары тек өндіріспен шектелмейді. Бос уақытында ол ескі металл бөлшектерді эксклюзивті өнер нысандарына айналдырып, көркем дәнекерлеумен айналысады. Оның жұмысы-бұл функционалдылық пен эстетиканың таңғажайып үйлесімі болып табылады, оны көргендердің барлығын таңдандырады.
Владимир Белобровенко – өз ісінің кәсіби маманы ғана емес, сонымен қатар шығармашыл тұлғаның жарқын үлгісі. Оның еңбекқорлығы, шеберлігі және өз мамандығына деген сүйіспеншілігі әріптестерін шабыттандырып, кәсіпорынның мақтанышы болып табылады.