Вячеслав Мезенцев, 2011 жылдан бері «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ  қосалқы стансалар қызметінің инженері болып жұмыс жасайды. Ол энергетиктер династиясының үшінші буыны. Оның атасы осы жолды бастаған, кейін оның әкесі мен ағасы жалғастырды, ал қазіргі кезде Вячеслав пен Владимир ағайындылары бұл салада жұмыс жасап жатыр.

Әріптесіміз Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының электр қосалқы стансаларында ағымдағы және күрделі жөндеулер жасау үшін бригадалардың жұмыс орнына шығуымен байланысқан жұмыстарды жоспарлайды, және де өндірістік қорлар мен активтерді басқару бойынша автоматтандырылған  жүйелерінде жұмыс жасайды. Қызметкердің сөзінше бұл кәсіпте техникалық сауатты, жауапты болу керек, қауіпсіздік техника ережелерін қатаң сақтауымен тәртіпке бағыну керек.

«Энергетика – ол тұрғындар үшін үйіндегі жылуы, жарығы мен жайлылығы ғана емес, бұл жайлылықтың негізінде энергетиктердің күнделікті еңбегі тұрғанын ұмытпау керек», – дейді әріптесіміз. Вячеслав Мезенцев  кәсіби шеберлігімен және жұмысқа деген берілуімен үздік энергетиктер осында жұмыс жасайтыны дегенінің дәлелі!