Вячислав Набока 27 жылдан астам дәнекерлеуге арнады. Оның алтын қолдары мен бай тәжірибесі оны «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС таптырмас қызметкері етеді.
Мұнда, жылу үшін күрестің алдыңғы шебінде, ол күн сайын құбырларды қосуға байланысты күрделі мәселелерді шешеді. Вячислав үшін әрбір дәнекерлеу екі металл элементінің қосылымы ғана емес, кез-келген сынаққа төтеп бере алатын, сенімді және берік тігісті жасау болып табылады. Өйткені, бүкіл қаланы үздікіз жылумен жабдықтау оның жұмысының сапасына байланысты.
«Дәнекереу - бұл жәй ғана мамандық емес, бұл кәсіп», – деп Вячислав сөзін бекітті. Ол өз шеберлігінің қыр-сырын, дұрыс дәнекерлеу аппаратын таңдаудың, дәнекерлеу режимінің оңтайлы параметрлерін таңдаудың және жиекті мінсіз дайындауды қамтамасыз етудің қаншалықты маңызды екенін, айтады.
Вячислав Набокидің арсеналында дәнекерлеу әдістерінің кең спектрі бар: классикалық қолмен доғалық дәнекерлеуден қорғаныс газдары ортасындағы дәнекерлеу сияқты заманауи технологияларға дейін.Ол белгілі бір тапсырма үшін ең қолайлысын таңдай отырып, бір әдістен екіншісіне оңай ауысады.
Қауіпсіздік-дәнекерлеушінің жұмысындағы басты басымдықтардың бірі. Вячислав заманауи жеке қорғаныс құралдарын пайдалана отырып, барлық қауіпсіздік ережелерін әрқашан мұқият сақтайды. Өйткені, дәнекерлеу дене еңбегі ғана емес, сонымен қатар денсаулықа ықтимал қауіпті. Дәнекерлеу доғасының жарқыраған сәулесі, балқыған металдың шашырауы, зиянды булану -мұның бәрі жоғары сақтықты талап етеді.
Көп жылғы адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін Вячислав Набока бірнеше рет Құрмет грамоталарымен марапатталды. 2024 жылы ол кәсіпорынның үздік дәнекерлеушісі болып танылды, бұл оның таланты мен тәжірибесін лайықты тану болды.