Яна Судьина 1998 жылдан бастап энергетика саласында еңбек етіп келеді. Бүгінгі таңда ол «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ Электр энергиясын өткізу басқармасының Электр энергиясы бойынша жеке тұлғалармен есептесу бөлімінің инженері лауазымын атқарады.
Біздің әріптесіміз өткізілген электр энергиясы үшін ақы есептеу мен төлем жүргізуге, жалпы үй мұқтаждарына жіберілген электр энергиясы көлемін есептеуге, сондай-ақ бағдарламалық өнімдерге нақты әрі шынайы ақпаратты енгізуге жауапты. Инженердің өзі атап өткендей, бұл саладағы маманға қажетті басты қасиеттер – жауапкершілік, адалдық және мұқияттылық.
Яна үшін энергетика – отбасылық кәсіп. Өткен уақытта оның ата-анасының екеуі де электр монтері болып жұмыс істеген. Осы кәсіпте өткізген ондаған жылдар ішінде біздің әріптесіміз кез келген қиындықтарды еңсеруді үйренді және жаңадан келген мамандармен өз тәжірибесін ықыласпен бөліседі. «Энергетика – бұл үлкен назар аударуды және төзімділікті талап ететін сала. Қиындықтардан қорықпаңыздар, мұнда өз ісін шын жүректен жақсы көретін адамдар жұмыс істейді», – дейді Яна. Кәсібилігінің, өз ісіне деген адалдығының және әрбір тұтынушыға мұқият қарауының арқасында Яна Судьина жұмыста жоғары деңгейді көрсетіп, ең
үздік энергетиктердің дәл осы жерде жұмыс істейтінін дәлелдеп келеді!
.png)

